Әлем • 10 Қаңтар, 2019

Конгода жаңа Президент сайланды

267 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Конгодағы президенттік сайлауда оппозиционер Феликс Чисикеди жеңіске жетті. 30 желтоқсанда өткен сайлау нәтижесі бүгін ғана жарияланды.

Конгода жаңа Президент сайланды

CENI сайлау алды комиссиясы өкілдерінің мәліметінше, нәтижелерді жария етуге ақпарат жинау мәселелері себеп болған.

Конгодағы сайлауда Чисикедидің басты қарсыластары билеуші партиядан үміткер Эммануэль Рамазан Шадари мен оппозиция көшбасшысы Мартин Фаюлу болды. Дауыс беру аяқталғаннан кейін бірден жоғарыда аталған кандидаттардың әрқайсысы сайлауда өз жеңісіне сенген.

Айта кету керек, Конгодағы президент сайлауы 2016 жылдан бастап бірнеше рет шегеріліп, 2018 жылдың желтоқсан айының соңына бекітілген. Соған қарамастан бірнеше елді-мекенде Эбола вирусы мен этникалық қақтығыстар қаупіне байланысты дауыс беруді осы жылдың наурызына дейін кейінге қалдырылған.

Феликс Чисикеди - «Демократия және әлеуметтік пргресс одағы» оппозициялық партиясының көшбасшысы. Кей сарапшылардың пікірінше, ол Еуропамен тығыз қарым-қатынас орнатпақ. Сондай ақ ресейлік inforeactor интернет-басылымының жазуынша, оның сайлауалды науқанын АҚШтың қаржыландырған.