Бір өкініштісі, Астрахан, Ақкөл, Бұланды, Бурабай және Зеренді аудандарында жергілікті атқарушы билік аз қамтамасыз етілген отбасыларының балаларын ғана ыстық тамақпен қамтамасыз етіп отыр. Ал жалпы бұл жайдың осы аудандарда дұрыс ұйымдастырылмай отырғандығын айта кетуге тиістіміз.
Өткен жылы Көкшетау қаласындағы мектептерде бір оқушының тамақтануына тәулігіне 172 теңге жұмсаса, 2019-2021 жылдарға арналған бюджетінде бұл сомма 235 теңге болып бекітілді. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 22 ақпандағы №76 бұйрығына сәйкес қала мектептерінде ата-аналар комитетінің, білім мекемелерінің басшылары және медициналық ұйымдардың қызметкерлерінің қатысуымен тағам сапасына мониторинг жүргізіп отыратын арнайы комиссия құрылып, жұмыс істеуде. Бұған қоса, білім беру бөлімінің жанынан ведомствоаралық сарапшы топ құрылды. Бұл топ өткен жылдың қазан және желтоқсан айларында облыс орталығындағы №2, №3, №4, №5 және №8 орта мектептерде тағам сапасына байланысты тексеріс жүргізіп, мектеп сайттарында ас мәзірі мен есептің жоқтығын анықтап, бірқатар ескерту жасады.
Байқал БАЙӘДІЛ,
«Егемен Қазақстан»
Ақмола облысы