Қазақстан • 10 Қаңтар, 2019

Қазақстандықтардың Сириядан қайтарылуы шетелдік медианың назарын аудартты

101 реткөрсетілді

Қазақстандықтардың Сириядан қайтарылуы бірқатар халықаралық жаңалық агенттіктерінің назарын аудартты. Солардың бірі – Францияның «Франс 24» халықаралық жаңалық арнасы.

Қазақстанның қауіпсіздік қызметіне сілтеме жасай отыра, 2011 жылдан бері жүздеген отандасымыздың Сириядағы әскери топтардың қатарын толықтырғанын жазады.

Одан әрі Елбасының «Осы жылдың 6 қаңтары 47 Қазақстан азаматы, оның ішінде 30 сәби Сириядан елге қайтарылды. Ендігі кезекте еркінен тыс соғысқа тартылғандардың балаларын қайтаруға тырысамыз» деген мәлімдемесін жариялай отырып, Қазақстан 2017 жылдан бері Түркия, Ресей, Иран елдерімен бірлесіп, Сирия мәселесі бойынша бірнеше келіссөз жүргізгенін айтады. Астанадағы келіссөзге Сириядағы қарулы топтардың өкілдері қатысты. Алайда олардың қатарында Ислам мемлекетінің өкілдері болмағанын жазады.

Сонымен қатар «Сириядағы әскерлер сабынан мыңдаған Орталық Азия елдерінің, Кавказ азаматтарын кездестіруге болады», дейді бесінші мемлекеттің жаңалық арнасы.   

Соз соңында 2011 жылы үкіметке қарсы наразылық себебінен туған азаматтық соғыс нәтижесінде 360 000 адам көз жұмғанын хабарлайды.

 

Ал Түркияның Анадолу агенттігі Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігі құқық қорғау ведомстволарының гуманитарлық операциясы нәтижесінде 47 азаматымыздың елге қайтарылғанын хабарлаған.

Сонымен қатар, Елбасының «ұрыс аумағынан қайтарылған азаматтарымыз бен балаларға көмектің барлық түрі көрсетіледі. Осындай қиын жағдайға түскен кінәсіз адамдар құтқарылғанына бақытты. Олар адаптациядан өтіп, медициналық көмек көрсетіледі» деген мәлімдемесін жариялаған.

Түрік агенттігі хабарламасын 2011 жылдан бері жүздеген қандастарымыздың қарулы топтарға қосылу мақсатында елімізді тәрк еткенін, олардың көбі соғыста қаза болған ақпаратпен тәмамдайды.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Біз - «BIRGE»!

Сайлау • Кеше

Сауаптан құр қалмаңыз

Руханият • Кеше

Игі істердің ұйытқысы

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар