10 Қаңтар, 2019

Көкшетаулық «Арлан» хоккейшілері құрлықаралық жарысқа қатысады

425 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 

Хоккейшілер Ирландияда өтетін құрлықаралық кубоктің финалдық ойнына қатысады.

Көкшетаулық  «Арлан» хоккейшілері құрлықаралық жарысқа қатысады

Қаңтардың 8-і күні таңғы сағат 08:00-де «Арлан» хоккей клубы 2018-2019 жылғы Құрлықаралық кубоктің финалдық ойнына қатысу үшін Ирландияның Белфаст қаласына аттанды.

Өткен жылдың қараша айында команда Францияның Лион қаласында өткен құрлықаралық кубоктің жартылай финалында үш ойын өткізіп, оның барлығында жеңіске жетті. Осы жолы  финалдық кезеңге шыққан болатын. «Арлан» хоккейшілері Ирландияның «Белфаст Джайантс», Польшаның «Катовице» және беларусьтердің «Гомель» командаларымен кездеседі.

Байқал БАЙӘДІЛ,

«Егемен Қазақстан»

Ақмола облысы