Өңірдегі Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандары аурудың белең алуына балалардың қызылшаға қарсы екпені алмауы себепші дейді.
– 22 оқиға екпе алмаған бір жасқа дейінгі балалардың арасында туындап отыр. Бес бала медициналық сараптамаға орай, ал 8-і денсаулық жағдайына және ата-анасының бас тартуына байланысты екпе алмаған,– дейді облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім жетекшісі Әсем Төлеубаева.
Қазіргі таңда 27 емделуші үйіне жіберілді. 22 бала қызылшаға қарсы екпе алып жатыр. Дәрігерлердің айтуына қарағанда, олардың жағдайы орташа. Қазір барлық емделушілер стационарлық ем қабылдауда. Дертке шалдыққандармен байланысқандарға бақылау жасалып жатыр. Ауру ошағында екпе салу шаралары жүргізілді. Қызылшаны алдын алудың ең басты жолы дәл осы вакцинация. Дәрігерлердің пайымдауынша, барлық ата-ана міндетті түрде балаларына екпе салдыртулары қажет. Жаратқанның өзі «сақтансаң, сақтаймын» деген.
Байқал БАЙӘДІЛ,
«Егемен Қазақстан»
Ақмола облысы