Аймақтар • 11 Қаңтар, 2019

Өскеменнен Семейге 4 мың теңгеге ұшып барасыз

495 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Былтыр Елбасы төмендетілген тариф бойынша қызмет көрсететін әуе компаниясын құруды тапсырған болатын. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2019 жылы субсидияланатын маршруттар тізімі бекітілгенін, оларды іске асыратын авиакомпаниялар  таңдалғанын хабарлады.

Өскеменнен Семейге 4 мың теңгеге ұшып барасыз

Мәселен, «SCAT» авиакомпаниясы биыл Өскемен-Қарағанды-Өскемен бағыттарына (билет құны бір жаққа 20 мың теңге), «Южное небо» авиакомпаниясы Астана-Үржар-Астана (бір жаққа 16 мың теңге), Үржар-Алматы-Үржар (бір жаққа 14 мың теңге (аптасына төрт реттен кем ұшпайды), Өскемен-Семей (бір жаққа 4000 теңге (аптасына екі реттен кем емес), Өскемен-Үржар (бір жаққа 10 мың теңге (аптасына екі реттен кем емес), Семей-Үржар (10 мың теңге (аптасына екі реттен кем емес), Өскемен-Зайсан-Өскемен (бір жаққа 8000 теңге (аптасына екі реттен кем емес) бағыттарына қызмет көрсетпек.

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

Шығыс Қазақстан облысы