Қазақстан • 11 Қаңтар, 2019

Жам­был облысында жүйелі жұ­мыс жүргізіліп келеді

187 реткөрсетілді

Баспана – еліміздегі барша азаматтың бақыт шамы, тіршілік тірегі. «Өз үйім – өлең төсегім» дейтін халқымыз үшін баспана қай кезде де баршылықтың, кеңшіліктің көрінісі. Алайда кеше ғана отау құрып, шаңырақтың шаттығын енді сезіне бастаған жастардың көбінде бір дегеннен баспана алу мүмкіндігінің бола бермейтіні белгілі. 

Сонымен қатар елімізде түрлі деңгейдегі азаматтардың да «жамбаспұл тө­леп, жатақта жүргені» бел­гі­лі. Осы орайда әрбір аза­мат­­тың баспаналы болуына мүм­кін­дік ретінде Елбасы «7-20-25» бағдарламасын ұсынды. Атал­ған бағдарламаның көптің кө­ке­й­іне үміт ұялатып, олардың болашаққа деген сенімін нықтай түскені анық. 

 Елбасының тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында Жам­был облысында да жүйелі жұ­мыс жүргізіліп келеді. Әсіресе ха­лықты мемлекеттік бағдарлама шеңберінде тұрғын үймен қамту да айтарлықтай жүзеге асуда. Ұлттық банктің Жамбыл об­лыс­тық филиалының директоры Ев­гений Шарыгиннің айтуынша, «7-20-25» әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкін­дік­терін беретін ипотекалық бағ­дарламасы жүзеге асырыла бас­таған алты ай ішінде өңірдегі банктерде жалпы сомасы 721 мил­лион теңгені құрайтын несие қаражаты бойынша 80-нен астам өтінім қабылданған екен. Оның ішінде 400 миллион теңге көлеміндегі 45 өтінім мақұл­данып, 35 азаматқа 300 миллион теңге несие беріліпті. 

 Соңғы жылдары Тараз қала­сы­ның сәулетін келтіріп, көркін арттырған нысандар арасында «Арай» және 15-шағын ауданы бар. Осы уақытқа дейін шаһар төсінен бой көтерген жаңа тұрғын үйлерден мыңдаған әулиеаталықтың пәтер алып, қоныс тойын тойлағаны есте. Енді алдағы уақытта облыс орталығынан 14-шағын ауданы бой көтереді деп күтілуде. Ал бүгінгі таңда жергілікті әкімдік пен Ұлттық банк филиалының бірлесуі нәтижесінде «7-20-25» бағ­дарламасын жүзеге асыру кезең­інде оның талаптарын түсін­діру, өңірдегі баспана нары­ғының бастапқы нысан­дары туралы ақпарат беру сияқты бірқатар жұмыс ат­қары­лып отыр. Осы орайда «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік кор­по­рациясы ғимаратының бірін­ші қабатынан «7-20-25» бағ­дар­ла­масын түсіндіру бойынша ақпараттық орталық ашылғанын айта кету керек. Енді бұл жерден банк-серіктестерден бағдарлама шеңберінде тұрғын үй алу бо­йынша толық кеңес алуға болады. Сонымен қатар аталған орта­лықта облыстық энергетика және тұрғын үй-ком­му­нал­дық шаруашылығы бас­қар­ма­сының өкілдері де «Нұр­лы жол» бағдарламасы аясында «Арай» шағын ауданынан бой көтерген тұрғын үйлердің өт­ке­р­ілуі жұмыстарымен айналысуда.

«Бүгінде аталған шағын ауданда сатылуға ұсынылған 100 пә­тердің ішінен біреуін таңдап алу­ға ниеттілердің саны шамамен 53 бірлікті немесе 50 пайыз­ды құрап отыр. Олардың 25 пайызы бойынша қалалық тұр­ғын үй-коммуналдық шаруа­шы­лық бөлімі тарапынан әлеу­ет­ті қарызгерлердің төлем қабі­лет­тілігін бағалау және тексеру үшін банк-серіктестіктерге жолдама берілді», дейді филиал директоры.

 Жамбыл өңірінде бағаның жоғарғы шегі 25 миллион теңге. Бұл ретте Евгений Шарыгин «БанкЦентрКредит», «АТФ Банк», «Халық Банкі», «Цесна банк», «Еуразиялық банк» және «Форте банк» филиалдарының белсенді әрі тұрақты түрде жұмыс атқарып отырғанын айтты. 

Хамит ЕСАМАН,

«Егемен Қазақстан»

Жамбыл облысы

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Балқаш қол бұлғайды

Туризм • Кеше

ҰБТ тапсырушыларға кеңес (видео)

Қазақстан • 18 Маусым, 2019

Мишель Платини тұтқындалды

Футбол • 18 Маусым, 2019

Ұқсас жаңалықтар