Аймақтар • 11 Қаңтар, 2019

Кәсіпкерге кедергі болған шенеунік жазаланды

205 реткөрсетілді

Мемлекеттік қызметшінің өз міндетіне салғырт қарауының салдарынан  шағын және орта бизнес өкілдерінің зардап шегетіні жайлы аз жазылмады. Алайда, істің түйінін заң шеңберінде шешудің орнына мейлінше созып, немқұрайлы қараудан арылмаған шенеуніктер қатары азаймай отыр.

Мәселен, Талдықорған қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы мен қатардағы қызметкерлері жеке кәсіпкердің өтінішіне бірнеше ай бойы құлақ аспай, заңмен белгіленген тәртіп бойынша жауап бермей келіпті. Жеке кәсіпкер Жанар Иманғалиева өткен жылдың маусым айында қалалық сәулет және қала құрылысы бөліміне иелігіндегі пәтерін тұрғын үй қорынан шығарып, коммерциялық нысанға ауыстыру бойынша өтініш берген. Жеке кәсіпкер жеке пәтерін дәріхана етіп қайта жабдықтап, сауда нысанына айналдыруды мақсат тұтады. Өтінішке сай тиісті құжаттарын толық өткізген. Алайда мемлекеттік орган мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бұзып, хатқа бірнеше ай өткен соң ғана өтінішті қанағаттандырмау жөнінде жауап береді.

Амалы таусылған кәсіпкер құқықтық көмек алу мақсатында Кәсіпкерлер палатасына жүгінуге мәжбүр болды. Өз кезегінде «атамекендіктер» қалалық сәулет және қала құрылыс бөлімі қызметінің заңдылығын анықтау мақсатында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментіне хат жолдайды. Ал, департамент өкілдері бөлімге жоспардан тыс тексеру жұмыстарын жүргізді.

- Бөлім басшысы «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 60-бабы 1-тармағына сәйкес, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сүйеніп тұрғын үй қорының функционалдық мақсатын, коммерциялық нысанға өзгертуге, яғни дәріханға ауыстыруға  рұқсат беруден бас тартқан. Бірақ, бөлім басшысы шығарған шешімді Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті негізсіз деп тапты. Заң талаптарын орындамағаны үшін бөлім басшысы Анарқұлов Мұрат «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 465-бабының 2-тармағына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - дейді оқиғаға құқықытық баға берген Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Ақбота Абишева.

Яғни, сәулет және қала құрылыс бөлімі сілтеме жасаған заң нормасы бойынша тұрғын үй қорынының функционалдық мақсатын, коммерциялық нысанға өзгеруге тыйым салу көрсетілмегені анықталды. Сонымен бірге, Кәсіпкерлер палатасы мен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің араласуынан кейін ғана кәсіпкерге  бөлім өкілдерінің 115 күнге кешіктіріліп жауап бергені белгілі болды. Жауап хатында мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы толық ақпарат ұсынылмауына байланысты қалалық бөлімнің жетекші маманына «ескерту» түрінде тәртіптік жаза қолданылды.
Жалпы, Мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес, өтініші білдірген азаматтардың хатына жауап беру мерзімі  15 жұмыс күннен аспауы керек болатын.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Алматы облысы

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ақ халатты абзал жан

Қоғам • Бүгін, 15:14

Қоғамға белсенді жастар керек

Аймақтар • Бүгін, 15:14

«Жас жалын» топ жарды

Спорт • Бүгін, 09:59

Қапастағы қолөнер

Аймақтар • Бүгін, 09:55

Турнирдің финалына шықты

Спорт • Бүгін, 09:49

Халық алдында есеп берді

Қоғам • Бүгін, 09:45

Тұңғыш рет топ жарды

Спорт • Бүгін, 09:40

Қаламгерлерді қуантты

Руханият • Бүгін, 09:37

Қарсыластардың осалы жоқ

Қысқы спорт • Бүгін, 09:29

Ерлік есеппен жасалмайды

Қоғам • Бүгін, 09:27

Жазғы универсиада мәреге жетті

Аймақтар • Бүгін, 09:18

Ортақ міндет – Отанға адал қызмет

Қазақстан • Бүгін, 09:15

«Құланнан» өрген құлындар

Аймақтар • Бүгін, 09:14

1 жылдағы белестер

Қазақстан • Бүгін, 08:48

Түркістанның түлеуі

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Шектен шыққан шиеленіс

Әлем • Бүгін, 08:33

Ұқсас жаңалықтар