11 Қаңтар, 2019

Бокстан Қазақстан құрамасының жаңа капитаны сайланды

292 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа капитаны болып Қамшыбек Қоңқабаев сайланды. Бұл туралы АІВА академиясының базасында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынында белгілі болды деп хабарлайды Olympic.kz.

Бокстан Қазақстан құрамасының жаңа капитаны сайланды

Қоңқабаев аса ауыр салмақта сынға түсетін боксшы. Ол 2017 жылғы әлем чемпионатында финалға жетіп, күміс жүлдегер атанған болатын. 

«Команда капитаны деген ат үлкен жауапкершілік жүктейді. Спортшыларға үлгі болып, жол көрсету міндетім деп есептеймін. Жаңа жылдан бастап командаға жас боксшылар қосылды. Құрама біршама жаңарып қалды. Бас бапкеріміз де ауысты. Сол себепті, бәріміз бір жұдырықтай жұмылып, Қазақстан намысын абыроймен қорғау үшін бар күшімізді саламыз», - деді Қоңқабаев. 

Бұл күндері Қазақстан боксшылары АІВА академиясының базасында жылдың алғашқы жиынын өткізіп жатыр. 

Бұған дейін ұлттық құрама капитаны міндетін атқарған Әділбек Ниязымбетов спорттағы мансабын аяқтады.