11 Қаңтар, 2019

Биатлоннан әлем кубогі: спортшылар спринттік бәсекеге қатысты

322 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Германияның Оберхоф қаласында биатлоннан әлем кубогінің төртінші кезеңі басталды. Өкінішке қарай, әйелдер арасындағы спринттік бәсеке біздің команда үшін сәтсіз аяқталды деп хабарлайды Olympic.kz.

Биатлоннан әлем кубогі: спортшылар спринттік бәсекеге қатысты

Әйелдер арасындағы спринт бәсекесіне Елизавета Бельченко, Анастастия Кондратьева және Людмила Ахатова қатысқан болатын. Ұлттық құрама спортшыларының бірде-бірі із кесу жарысына өткен жоқ

Оберхофтағы жарыс жолы спортшылар үшін ыңғайсыз. Сонымен қатар, сайыс кезінде күн райы бұзылып, жел тұрғанын да айта кету керек. Спринттік бәсекеде 100 спортшы мәреге жете алды. 

Жарыс нәтижесі бойынша Елизавета Бельченко 64-ші, Анастасия Кондратьева 71-ші, Людмила Ахатова 96-шы орыннан көрінді. 

Бұл сында италиялық Лиза Витоцци жеңімпаз атанса, франциялық Анаис Шевалье күміс, швециялық Ханна Эберг қола жүлде жеңіп алды. 

Бүгін ерлер арасындағы бәсеке басталады.