Аймақтар • 11 Қаңтар, 2019

Қызылордада балақай сенатордан сыйлық алды

471 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордалық бір жасқа енді толған Қасым-Жомарт туған күнінде жақсы сый алды.

Қызылордада балақай сенатордан сыйлық алды

Балақай Қасым-Жомартты Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев туған күнімен арнайы құттықтап, сыйлық жіберді.

Оны кішкентай бүлдіршінге «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ержан Байтілес табыс етті.

Медицина саласының ардагері Үсен Мақажанұлы былтыр дүниеге келген он бірінші немересінің есімін Қасым-Жомарт деп қойған екен.

- Қай ата-ананың да ең үлкен қуанышы балалары, - дейді Үсен Мақажанұлы. - Немеремізге ырымдап қазақтың мемлекет және қоғам қайраткері Қасым-Жомарт атасының ныспысын қойдық. Тоқаев - Қазақстан Тәуелсіздігін орнықтыруға, елдің болашағын кемел етуге қызмет етіп жүрген ел ағасы. Сол атасындай болып өсіп, Отанымыздың бір керегіне кірпіш болып қаланып жатса деген ниет үстіндеміз.

Кішкентай Қасым-Жомарт үшін үлкен Қасым-Жомарт атасының сыйлығы алдағы өмірінде айтулы оқиға болары сөзсіз.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы