Хоккей • 11 Қаңтар, 2019

Қазақстан хоккей федерациясы әріптестік туралы келісімге қол қойды

569 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан, Латвия, Дания және Беларусь мемлекеттерінің шайбалы хоккей федерациясы әріптестік туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Қазақстан хоккей федерациясы әріптестік туралы келісімге қол қойды

Келісім бойынша, 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы жыл сайын өтетін халықаралық турнирге қатысады. 

Алдағы төрт жылда «Төрт ұлт турнирі» төмендегі елдерде өтеді:

2019 жыл, желтоқсан – Латвия;

2020 жыл, желтоқсан – Дания;

2021 жыл, желтоқсан – Беларусь;

2022 жыл, желтоқсан – Қазақстан.

Еске сала кетейік, 2018 жылдың желтоқсанында Латвияда өткен «Төрт ұлт турниріне» Қазақстан жасөспірімдер құрамасы қатысқан болатын.