02 Наурыз, 2010

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫҚПАЛДАСТЫҚ ҚАДАМДАРЫ

938 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Сапары барысында Румыния Пре­зидентінің еліміздің жоғарғы бас­шылығымен бірқатар кез­де­сулері жоспарланып, олардың ба­рысында екіжақты ынтымақтастық пен халықаралық ұйымдар шең­беріндегі ықпалдастық мәселелері тал­қы­лан­бақ екен. Сондай-ақ, екі ел ара­сын­дағы экономика, туризм са­ла­ла­рында үкіметаралық ке­лі­сімдерге және ведомствоаралық бір­қатар құ­жаттарға қол қойылады деп күтілуде. Румыния Президенті осы сапа­ры барысында Қазақстан Прези­ден­ті жанындағы Мемлекеттік бас­қару академиясы тың­дау­шы­ла­ры­ның алдында сөз сөйлеп, елі­міз­дегі румын этносы өкілдерімен кез­десетін көрінеді және Қа­рағандыдағы Спасск мемориалды кешенінде болады екен. Наурыздың 3-і мен 5-і ара­лы­ғын­да Финляндия Респуб­ли­ка­сы­ның Сыртқы сауда және даму ми­нистрі Пааво Вяюрюненнің жұ­мыс сапары болып, министрдің қа­зақ-фин іскерлік форумына қа­тысуы, Қазақстан Пар­ла­мен­ті­нің қос палатасының төра­ға­ла­рымен, бірқатар министрліктер мен ведомстволар, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен кездесулері жоспарланыпты. Наурыздың 3-і мен 6-сы ара­лы­ғында Мемлекеттік хатшы – Сырт­қы істер министрі Қанат Сау­дабаев Швейцария Кон­фе­де­ра­ция­сына ресми сапар жасайтынын айтқан ресми өкіл Швейцарияның астанасы – Бернде Конфедерация басшы­лы­ғы­мен бірқатар келіс­сөз­дер жүр­гі­зе­тінін де жеткізді. Со­лардың ба­ры­сын­да екі тарап 2009 жылы қазанда өткен Швей­ца­рия­ның сыртқы істер жөніндегі фе­де­рал­ды кеңесшісі (яғни, министрі) Ми­шлин Кальми-Рейдің Қаз­ақ­стан­ға ресми сапары кезінде қол жет­кізілген уағда­лас­тық­тардың іске асырылуын, саяси және сау­да-экономикалық салал­ар­дағы екі­жақ­ты үнқатысудың маңыз­ды ба­ғыт­та­рын талқылайды деп күтілуде. Сондай-ақ, Швейцарияда Мем­­­лекеттік хатшы – Сыртқы іс­тер министрі Еуропалық Ке­ңес­тің Бас хатшысы Торбьерн Яг­лан­д­пен кез­десіп, онда Қазақстан Рес­публикасы мен Еуропалық Ке­ңес арасындағы өзара ық­пал­да­су мәселелері және бір­қатар еуро­па­лық конвенцияларға қосылу жө­ніндегі қазақстандық өтінішті қа­рау мәселесі талқыланады екен. Бұ­ған қоса, отандық сыртқы сая­сат ведомствосының басшысы Женева қаласында өтетін Біріккен Ұлт­тар Ұйымының Адам құ­қықтары жөніндегі кеңесінің 13-ші сессия­сына қатыспақ. Сессия барысында Қанат Сау­да­баевтың БҰҰ-ның Адам құ­қық­тары жөніндегі Жоғарғы ко­мис­сары Наванетем Пиллай ха­ным­мен кездесуі де жоспар­ла­ныпты. Ал 5 наурызда Мәскеуде ТМД Экономикалық кеңесінің 45-ші отырысы және “ТМД-дағы Ре­сей­дің төрағалығы жылындағы жаңа бас­тамалар” атты Дос­тас­тық­қа мү­ше мем­лекеттердің Ха­лық­аралық эко­но­микалық форумы өтеді деп күтілуде. Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ.