Спорт • 12 Қаңтар, 2019

Қоңқабаев ұлттық құраманың капитаны болып сайланды

465 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны болып қызылордалық Қамшыбек Қоңқабаев сайланды.

Қоңқабаев ұлттық құраманың капитаны болып сайланды

Бұл AIBA академиясының базасында өтіп жатқан биылғы жылдың алғашқы оқу-жаттығу жиынында анықталды.

Бұған дейін ұлттық құрама капитаны міндетін атқарған Әділбек Ниязымбетов спортпен қоштасқаннан кейін бапкерлер алқасы мен ұлттық құрама осындай шешім қабылдады.

- Команда капитаны деген ат үлкен жауапкершілікті жүктейді. Спортшыларға үлгі болып, жол көрсету міндетім деп есептеймін. Жаңа жылдан бастап командаға жас боксшылар қосылды. Құрама біршама жаңарып қалды. Бас бапкеріміз де ауысты. Сондықтан, ұлттық құраманың алдында үлкен міндеттер бар. Сол үдеден шығуға тырысамыз, - деді құраманың жаңа каитаны.

Қамшыбек Қоңқабаев - бокстан еңбек сіңірген спорт шебері, 2017 жылғы Азия және Әлем чемпионаттарының күміс жүлдегері. 2018 жылғы Қазақстан чемпионы.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы