«Кәсіпкер азамат, дін жанашыры Қайнар Дүйсенұлы бауырымыз имам Алмас имамға үлкен құрмет көрсетіп отыр. Халқымызда «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген нақыл сөз бар. Алмас Кенжеғұлов ұзақ жылдар бойы қалалық «Защита» мешітін басқарып, мешіттің барлық құжаттарын реттеп, жөндеу жұмыстарын жүргізіп, қаладағы ең бір үлгілі мешітке айналдырды. Міне, бүгін халық, жомарт азаматтар оның бұл еңбегін лайықты бағалады. Жаңа көлік Алмас Айткәрімұлының игілігіне жарасын, дініміздің жанашыры Қайнар бауырымызға Алла разы болсын» дейді ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек Қасболатұлы.
Азамат ҚАСЫМ,
«Егемен Қазақстан»
ӨСКЕМЕН