Хоккей • 15 Қаңтар, 2019

«Барыс» «Сочиден» басым түсті

259 реткөрсетілді

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) сынға түсіп жүрген Астананың «Барысы» кезекті тур ойынын «Сочи» командасына қарсы өткізіп, буллит сериясында 3:2 есебімен жеңіске жетті.

«Барыс Арена» мұз айдынында өткен кездесуде есепті бірінші болып қонақ команда ашты. Ойынның жетінші минутында «Сочи» ойыншысы Денис Мосалев мергендігімен көзге түсіп, командасын алға шығарды. «Барыс» хоккейшілері тек ойынның екінші кезеңінде ғана есепті теңестіруге мүмкіндік алды. Шайба авторы – Кевин Даллмэн. Үшінші кезеңде командалар бір-бірден шайба соқты. «Барыс» сапынан Андре Петерссон көзге түссе, «Сочи» сапынан Росен Роберт есепті теңестіріп кетті.

Буллит сериясында «Барыс» ойыншылары сауатты тактика қолданып, әр ойыншы өзіне жүктелген міндетті асқан жауапкершілікпен атқарғанының арқасында 65-минутта гол соғып, «Сочиді» сүріндірді. Гол соққан – Даррен Диц. Осы жеңісінен кейін елорда командасы ҚХЛ-дың жарыс кестесінде 5-орынға жайғасты.

Дайындаған Әли БИТӨРЕ

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің өсу жолы деп білдім

Қазақстан • Бүгін, 15:41

Діни рәсімдердің өз тәртібі бар

Қазақстан • Бүгін, 11:27

Күлкі керуені № 24

Руханият • Бүгін, 11:08

Рейтингте жоғарылады

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 07:22

«Алтын сақа» үздіктері анықталды

Ұлттық спорт • Бүгін, 07:15

Қазақ әні Нью-Йоркте шырқалды

Руханият • Бүгін, 07:09

Ұқсас жаңалықтар