02 Наурыз, 2010

ЖҮЙЕГЕ ЖҮЙЕЛІ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛУДЕ

840 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Кеше Мәжіліс Төрағасының орынбасары Жәнібек Кәрібжановтың жетекшілігімен Үкімет сағаты өтіп, онда “Қазақстан Республикасында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту жөніндегі жұмыстардың барысы туралы” деген тақырыпта Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы   Қуаныш Есекеев баяндама жасады. Үкімет сағаты пленарлық отырыс залының дәлізіндегі көрмені тамашалаудан басталды. “Электрондық үкіметке” дай­ын­дық бойынша БҰҰ ұсынған рей­тингте еліміз әлем бойынша 81-ден 46-шы орынға тұрақтапты. Агенттік төрағасы ең көп пай­да­ланылатын мемлекеттік элек­трон­­дық сатып алулар порталы (www.goszakup.gov.kz) екендігін, сауда алаңына қызмет пен тауар­ларды орналастыру міндеттелген соң өткен жылы 1,5 миллиард теңгенің үнемделгендігін мәлім етті. Еліміз ТМД-да алғаш­қы­лар­дың бірі болып ақпараттық қыз­меттерді ұсынса, қазіргі кезде олар­дың саны 1750-ге жетіпті. Егер жағдай осылай оң тұрғыдан жалғасса, 2-3 жыл ішінде авто­мат­тандырылған қызмет жүйесі бұдан да жақсара түспек. Осы кезге дейін 23 интернет-форум өткізіл­се, енді ол тұрақты жүзеге асы­рыл­мақ. Онлайн қызметтерін беру бойынша Қазақстан 0,5270 ин­дексі­мен орта әлемдік деңгейді қуып жетіпті (24-орын). Элек­трон­дық мемлекеттік жобаларда аза­мат­тардың “электрондық қатысу” (e-partіcіpatіon) көрсеткіші бойын­ша классификацияда 2008 жыл­мен салыстырғанда (106-орын) 2010 жылы 18-орынға көтерілген. 2009 жылғы желтоқсанда Ас­тана қаласы бойынша (қанатқақты аймақ) өндірістік эксплуатацияға қаржылық жоба – “Е-нотариат” нотариалдық ақпараттық жүйесі ен­гізілген болатын; “Е-лицен­зия­лау” мемлекеттік деректер қорын құру бойынша жоба жүзеге асы­рылуда, қазір осы жүйеге ли­цен­зия беруді электрондық түрде жүзеге асыратын 9 мемлекеттік орган қосылған. Өткен жылы Алма­ты қаласында Халықаралық ақпараттық технологиялар уни­верситеті ашылған. Университет Президент тапсырмасы бойынша Carnegіe Mellon америкалық ІT-Уни­верситетімен тығыз ынтымақ­тас­тықта құрылған. Оқу жылында 401 студент іріктелсе, жоспар­да­ғы­сы 300 адам. Сонымен қатар, өт­кен жылы елімізде мемлекеттік және орыс тілдерінде пайдалану­шы­ларға жаңалықтар және сарап­тамалық материалдарды ұсынатын Bnews ақпараттық-сараптамалық порталы секілді интернет-жобалар іске қосылған (Қазнеттің 30 үздік топ-сайттарының қатарына кіре­ді), сондай-ақ Kaztube ұлттық ақ­па­раттық-ойын сауық бейне-пор­талы да бар. Одан басқа байланыс желісінде жазылған абоненттердің уақыт тығыздығы 100-ге 24 адам, соның ішінде ауылдық жерлерде 100-ге 13 адамды құрайды. Жер­гілікті телекоммуникация желі­лері­нің цифрлану деңгейі – 88 пайыз, соның ішінде ауылдық жер­лерде – 78, ұялы байланыс або­нент­терінің саны – 100-ге 95 адамнан,  ал интернетке кіру – 100-ге 32 адам­нан келеді. CDMA 450 желісінің сыйымдылығы 2010 жылғы 1 қаңтарда 246 706 абонентті құрап, қолданысқа енгізілген CDMA 450 желісінің сыйымдылығы 195 462 абонентке жеткен. Осы ретте агенттік төрағасы 2012 жылға дейін ауылдық елді мекендер түгел байланыспен қамтылады дегенді алға тартты. Сондай-ақ өткен жылы телефон трафигіне рұқсат алуға басым байланыс операторларының тарифтері 54 пайызға, ұялы байланыс операторларының желілеріне телефон трафигі – 53, ТМД елдері байланыс опера­тор­ла­рының желілеріне халықаралық телефон трафигі – 30, ал алыс ше­телдерге 79 пайызға төмен­де­тілген. Үкімет тапсырмасына орай “Қазақтелеком” АҚ 2010 жылы Интернет қызметтері провай­дер­лерінің екінші реттік қол­да­ныстағы тарифтерінің кезеңдік төмендетілуін жоспарласа, ол 2010 жылғы 1 маусымнан бастап орташа алғанда – 5, ал үстіміздегі жылғы 1 қарашадан бастап орташа алғанда 10 пайызға төмендетілмек. Үкімет сағатын Жәнібек Кә­рібжанов қорытындылап, осы салаға қатысты заңдарды іс-жүзінде орындауға қажетті ша­ра­ларды тез қолдану керек екенін атап көрсетті. Әсіресе, ауылдық жерлерге телефон желілерін тарту, тарифтік бағаны төмендету, қаражаттың тиімді пайдаланылуы, соның ішінде “Электронды үкі­мет” жобасының тиімділігін арт­тыру ауыл тұрғындарының өзекті мәселелерін шешуге бағытталуы тиіс екендігі ерекше аталды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ.