Бокс • 16 Қаңтар, 2019

Головкинге сыйақысы жоғары екі жекпе-жек ұсынылды

91 реткөрсетілді

Америкалық журналист Джефф Аранау Boxingnews24.com сайтына жазған мақаласында орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы Геннадий Головкинге (38-1-1, 34 КО) лайықты екі боксшының есімін атады.

«Егер Головкин DAZN телеарнасымен келісімшарт жасаспаса, онда «Канеломен» өтетін үшінші жекпе-жекті ұйымдастыру мәселесі қиындай түседі. Өйткені мексикалық боксшы бұл телеарнамен 365 мың долларға 11 жекпе-жек ұйымдастыру бойынша бес жылға келісімшарт жасасқан. Дегенмен Головкинде басқа нұсқалар бар. Ол Premier Boxing Champions компаниясымен келісімге келсе, оның кездесулері Showtime PPV-де көрсетіледі. Ол Джермалл Чарло немесе Каллум Смит сияқты танымал боксшылармен кездессе, жақсы ақша таба алады», - дейді Джефф Аранау.

Британиялық Каллум Смит (25-0, 18 КО) - қазіргі уақытта екінші орта салмақтың WBA (Super) нұсқасы бойынша әлем чемпионы және Бүкіләлемдік бокс супер сериясының жеңімпазы. Ал Чарло (28-0, 21 КО) орта салмақтағы WBC белдігінің «уақытша» чемпионы. 

Айта кетейік, HBO телеарнасы 2019 жылдан бастап кәсіпқой бокс кешін көрсетуді тоқтатқан соң Головкин телеарна бойынша еркін агент саналады. Дегенмен, оған үш бірдей телеарна ұсыныспен шыққан. Олар: DAZN, ESPN және Premier Boxing Champions промоутерлік компаиясының Fox/Showtime теларналары.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Біз - «BIRGE»!

Сайлау • 24 Мамыр, 2019

Мергендер Мюнхенде жүр

Спорт • 24 Мамыр, 2019

Мас араны омартаға кіргізбейді

Экология • 24 Мамыр, 2019

Сексеуіл, тораңғы және ілбіс

Экология • 24 Мамыр, 2019

Ұқсас жаңалықтар