Жарқылдай күліп, жан жылуымен экранның арғы жағында отырған көрерменін шексіз мейірімге бөлеп, өзімен айнымас дос еткен аңыз актриса – Әмина Өмірзақованың өнердегі өнегелі өмір өрнегі қай кезде де шынайылығымен құнды. Бүгінге дейін талант иесінің есімі исі қазақ үшін Ана деген аяулы ұғыммен егіз қабылданып, қатар айтылып жатса, ол да қасиетті өнер дарытқан сол құдіреттің арқасы болса керек.

Рас, соғыс уақыты қазақ әйелінің бейнесін түбегейлі өзгертті. Аналарымыз қайнатып отырған құртын тастап, тылға еңбек етуге шықты. Кешегі бесік тербетіп, қазанын қамдаған отанасы енді майданға кеткен ерлерінің орнын жоқтатпай, нәзік қолдарымен орақ пен шалғыны батыл ұстап, темір құрсаулы техниканың тілін игеруге мәжбүр болды. Адамзат басына төнген осынау қиын да қасіретті кезең кеңестік кино өнерінің де жаңаша бағыт түзіп, экранға өзгеше бояулы тың бейнелердің шығуына жол ашты. Замандастар бейнесі мүлдем бөлек бағытта сараптала бастады. Әмина Өмірзақова тудырған қазақ киносындағы аналар галереясы соның айғағы.
«Ана туралы аңыз» фильмі арқылы көпшілік көрерменге кеңінен танылған актриса одан кейін де сан характерлі аналар бейнесін кемеліне келтіре кейіптеп, қазақ қана емес, күллі кеңестік кино тарихында айтулы жаңалыққа айналды. Бұған дейін ұлттық экранымызға шықпаған қазақ әйелінің өзгеше бейнесін жасады. Тіпті аталған кинотуындыдағы ізденісі үшін өнер иесі 1964 жылы Ленинградта өткен Бүкілодақтық кинофестивальде «Ең үздік әйел рөлі» жүлдесіне лайық деп танылады.
Иә, «Ана туралы аңызды» тамашалап отырып киносүйер қауым актриса сараптауынан ана жанының даладай дархандығын, баладай аңғалдығын, сезімінің сұңғыла да сыршыл нәзіктігін, жүрегінің сын шақтардағы қайтпас қайсарлығын жазбай таныр еді. «Егер орыс кинематографиясында ананың рөлін ерекше сомдаған Вера Марецкая, Италия киносында Анна Маньяни болса, қазақ киносындағы ана образы Әмина Өмірзақовамен тығыз байланысты» – деп баға берген белгілі кинотанушы Бауыржан Нөгербектің пікірі жоғарыда келтірген ойымызды дәйектей түсетіндей.
Өз дәуірінде сахнаның саңлағы, экранның еркесі атанған актрисаның шығармашылық биографиясын парақтап отырып, өнер иесінің сахнада да, экранда да кіл аналар бейнесін сомдағанына көз жеткізуге болады. Бүгінде ұлттық кинематографиямыздың баға жетпес қазынасына айналған «Абай әндері», «Жамбыл», «Бір ауданда», «Арманым менің», «Гауһартас», «Ақ шаман», «Нан дәмі», «Шанхай» фильмдеріндегі қайталанбас кейіпкерлері әлі күнге дейін көркемдік һәм құндылық қуатын бәсеңсітпей, керісінше көрерменін үздіксіз қуантып келеді. Соның ішінде, әсіресе Шәкен Айманов түсірген «Тақиялы періште» кинотуындысындағы Тана апай рөлі көрермен жүрегіне айрықша жақын. «Ана туралы аңыз» фильмінде актриса сабырды сары алтынға балайтын салмақты, ойлы, мұңды кейіпкер мінезін мүсіндесе, «Тақиялы періштеде» еті тірі, пысық қария кейпіне жеңіл ауысып, бұған дейін жасаған бейнелеріне мүлдем ұқсамайтын бөлекше образ тудырады. Мұндай бір-біріне қарама-қайшы рөлді асқан шеберлікпен кемеліне келтіре ойнап шығу – нағыз хас дарындардың ғана маңдайына бұйырар бақ болса керек.
Әмина Ерқожақызы өнер жолын Шымкент театры сахнасынан бастап, 1949 жылдан өмірінің соңына дейінгі жарты ғасырдан астам ғұмырын Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының өркендеуіне арнады. Көптеген кинофильмдер мен театр қойылымдарындағы талғампаз бейнелері арқылы халық жүрегінен өшпес орын алды. 70 жылға жуық сахналық ғұмырында бір-біріне ұқсамайтын ойлы да мазмұнды 150-ден аса рөлдің авторы атанып, бейнелілік биігінен көрінген сахнагердің өнер әлемінде өрнектеген өнегелі жолы қай кезде де көрушісін бейжай қалдырып көрген емес.
2019 жылдың 8 наурызында туғанына 100 жыл толатын әйгілі актрисаның мерейтойын ЮНЕСКО көлемінде атап өту жұмыстары жыл басынан-ақ басталып кетті. Мәдениет және спорт министрлігінің тікелей қолдауымен ел тарихында тұңғыш рет театр және кино саласы әртісін еске алуға бағытталған мәдени іс-шаралардың ЮНЕСКО көлемінде ұйымдастырылуы жоспарлануда. Соның ең алғашқысы Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханада өтті. «Қазақ киносының анасы» деген тақырыппен ұйымдастырылған еске алу кешіне кинотанушы мамандар мен белгілі қоғам қайраткерлері қатысты. Келелі кездесу барысында Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, кино және театр өнерінің саңлағы Әмина Өмірзақованың ғасыр тойына арналған көрме қойылып, актрисаның шығармашылығына кәсіби көзқарас биігінен жан-жақты баға берілді. Алдағы уақытта аталмыш тағылымды шара өзінің мазмұндық мәнін ғана емес, географиялық ауқымын да кеңейтіп, жүйелі жалғасын табады деп күтілуде.
Назерке ЖҰМАБАЙ,
«Егемен Қазақстан»
«Тобыл» мен «Қызыл-Жар» маңызды матч өткізеді
Футбол • Бүгін, 13:12
Шекара қызметі 8 мыңнан астам суық қару тәркіледі
Қоғам • Бүгін, 12:52
Солтүстік Корея коронавирусты жеңгенін жариялады
Әлем • Бүгін, 12:43
Магистратура емтиханында 328 адамның нәтижесі жойылды
Білім • Бүгін, 12:35
Ата-аналар жекеменшік балабақшаларға шағымданып жатыр
Қоғам • Бүгін, 12:22
Алматыда оқушыларға арналған автобус қатынайды
Қоғам • Бүгін, 12:17
Халықаралық олимпиада жеңімпаздарына сыйақы беріледі
Білім • Бүгін, 12:08
Алматыда 190 көпқабатты үйдің лифтісі жаңартылды
Аймақтар • Бүгін, 11:53
Павлодарда жоғалған ана мен бала табылды
Аймақтар • Бүгін, 11:40
ІІМ қазақстандықтарды сақтық шараларын сақтауға шақырды
Қоғам • Бүгін, 11:33
Үкімет басшысы отандық өндірісті қолдауды тапсырды
Үкімет • Бүгін, 11:27
Елена Рыбакина Торонтодағы турнирдің екінші айналымында сүрінді
Теннис • Бүгін, 11:17
Жамбылдық тұрғыннан ірі көлемде марихуана тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 11:09
Алматыда 280 орындық екі мемлекеттік балабақша салынады
Қоғам • Бүгін, 10:58
Тауар өндірушілерге тиесілі дизельді сатып жіберген оператор анықталды
Оқиға • Бүгін, 10:48
Михаил Саакашвили ауыр хәлде жатыр
Әлем • Бүгін, 10:35
Алматыда көпқабатты автотұрақтар салынады
Аймақтар • Бүгін, 10:23
Михаил Литвин Түркияда алтын медаль еншіледі
Жеңіл атлетика • Бүгін, 10:18
Қостанайда қантты 100% үстеме бағамен сатқандар әшкереленді
ANTIKOR • Бүгін, 10:10
Президент БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасымен кездеседі
Президент • Бүгін, 10:03
«Реал Мадрид» UEFA Суперкубогының иегері атанды
Футбол • Бүгін, 09:55
11 тамызға арналған валюта бағамы
Экономика • Бүгін, 09:40
Бес жасар Мәдинаның мәйіті табылған жерден видео жарияланды
Қоғам • Бүгін, 09:38
Джо Байден қысқамерзімді еңбек демалысына шықты
Әлем • Бүгін, 09:33
Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:24
Юлия Путинцева әлемнің үшінші ракеткасын жеңді
Теннис • Бүгін, 09:18
2458 қазақстандық коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:08
Елімізде 1651 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Бокс • Бүгін, 08:40
Теннис • Бүгін, 08:39
Спорт • Бүгін, 08:37
Қазақтың байлығы мыңғырған мал еді
Қоғам • Бүгін, 08:35
Меншік құқығын қорғау ойдағыдай емес
Қоғам • Бүгін, 08:32
Алуан ауруды анықтайтын аппарат
Медицина • Бүгін, 08:30
Корей медицинасымен байланыс кеңейді
Медицина • Бүгін, 08:27
Білім • Бүгін, 08:25
400 мыңнан аса бала мемлекеттен материалдық көмек алады
Білім • Бүгін, 08:23
Абай • Бүгін, 08:22
Абай • Бүгін, 08:20
Сенат депутаттары – халық ортасында
Саясат • Бүгін, 08:17
Ұқсас жаңалықтар