Футбол • 17 Қаңтар, 2019

Футболдан Қазақстан құрамасы Молдовамен жолдастық матч өткізеді

128 реткөрсетілді

Қазақстан Ұлттық құрамасының оқу-жаттығу жиыны Түркияда өтеді, деп хабарлайды ҚФФ баспасөз қызметі.

2020 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі қарсаңында Қазақстан құрамасы алғашқы оқу-жаттығу жиынын 15-22 ақпан аралығында Түркияда өткізеді. 21 ақпан күні Молдова құрамасымен жолдастық матч белгіленген.

2018 жылдың желтоқсан айындағы ФИФА рейтингі бойынша Молдова құрамасы 170-орында тұр. Ал Қазақстан 119-орынға жайғасқан. Бүгінге дейін екі құрама жасыл алаңда төрт рет кездескен. Бір ойында Қазақстан құрамасы жеңіске жетсе, екі ойында Молдова футболшылары басым түскен. Ал бір ойын тең нәтижемен аяқталған. Бір қызығы, ойындардың бәрі жолдастық кездесу аясында өткен. Қазақстан мен Молдова футболшылары әлі күнге дейін ресми матч өткізбеген. 21 ақпандағы кездесу екі құрама арасындағы бесінші жолдастық матч болмақ.

Оқу-жаттығу жиынына шақырылатын футболшылардың тізімі кейін хабарланады.

Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар

Атыраулықтар тағы да үздіктер қатарында

Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2019

Тәуелсіздік – тұғырым

Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2019

Жас отбасылар баспаналы болды

Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2019

Күлкі керуені № 25

Руханият • 13 Желтоқсан, 2019

Ұқсас жаңалықтар