05 Қаңтар, 2012

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы №118

407 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы №118

Бейсенбі, 5 қаңтар 2012 6:38

 2010 жылғы 25 ақпан  Астана қаласы

Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізбесін жүргізудің ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы «Тұқым шаруашылығы туралы» Заңын жүзеге асыру мақсатында бұйырамын:

1. Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген селек­циялық жетістіктердің мемлекеттік тізбесін жүргізудің қоса беріліп отырған ережесі бекітілсін.

2. Егiншiлiкті дамыту және фитосанитариялық қауiпсiздiк депар­та­мен­тi осы бұйрықтың заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Рес­пуб­ликасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.

3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Бейсенбі, 5 қаңтар 2012 6:38

 2010 жылғы 25 ақпан  Астана қаласы

Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізбесін жүргізудің ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы «Тұқым шаруашылығы туралы» Заңын жүзеге асыру мақсатында бұйырамын:

1. Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген селек­циялық жетістіктердің мемлекеттік тізбесін жүргізудің қоса беріліп отырған ережесі бекітілсін.

2. Егiншiлiкті дамыту және фитосанитариялық қауiпсiздiк депар­та­мен­тi осы бұйрықтың заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Рес­пуб­ликасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.

3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министрдің м.а. М.ОРАЗАЕВ.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м. а. 25 ақпандағы 2010 жылғы №118  бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізбесін жүргізудің

ЕРЕЖЕСІ

1. Осы, Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген се­лекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізбесін жүргізудің Ережесі (келесіде – Ереже) Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілд­е­дегі «Селекция жетістіктерін қорғау туралы», 2003 жылғы 8 ақпандағы «Тұқым шаруашылығы туралы» Заңдарына сәйкес дайындалған және Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізбесін жүргізу ретін анықтайды.

2. Осы Ережеде келесі түсініктер пайдаланылады:

1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі мем­лекеттік комиссия (келесіде – Мемкомиссия) – өсімдік сорттарының патентке қабілеттілігі мен шаруашылыққа пайдалылығына сараптама жүргізетін тұқым шаруашылығы саласына өкілетті органның қара­мағындағы мекеме;

2) Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген селек­циялық жетістіктердің мемлекеттік тізбесі (келесіде – Мемтізбе) – Мемтізбеге Қазақстан Республикасында шаруашылыққа пайдалануға рұқсат етілген сорттар мен асыл тұқымдар енгізілген;

3) сорт – шаруашылық және биологиялық қасиеттері, морфологиялық белгілері ұқсас, шығу жағынан тектес, белгілері тұқым қуалайтын және ботаникалық таксонда бірге тұрған өсімдік топтарынан кем дегенде бір белгіден айырмашылығы бар бір дақылдағы өсімдіктер тобы.

3. Мемтізбені жүргізуді Мемкомиссия жүзеге асырады.

4. Тізбе Қазақстан Республикасында өсірілетін өсімдік сорттарын жүйелеу мақсатында және олардың ұлттық нарығын қалыптастырып, Қазақстан Республикасының осы салада халықаралық ынтымақ­тастыққа кіруіне жағдай жасайды.

5. Тізбеге ауыл шаруашылығы дақылдары мен басқа да өсірілетін өсімдіктердің Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген отандық және шетелдік селекция жетістіктерінің сорттары, Мемкомиссияда жүргізілген сынау нәтижелері, өтініш берушінің көрсеткіштері және эксперттік бағалаудың қорытындыларының негізінде енгізіледі.

Мемкомиссия Қазақстан Республикасы ұйымдарының, басқа мем­ле­кеттердің де сынақ нәтижелерін және ұсыныс берушінің ұсынған көр­сеткіштерін, олармен осы бағытта шарт жасалынған жағдайда, пайдалана алады.

6. Мемлекеттік сынау нәтижесі бойынша Мемтізбеге енгізілетін сорт­тардың өнімділігі стандарттардан жоғары болуы, негізгі ауруларға шыдамдылығы олардан төмен болмауы, немесе сортты пайдалану мақ­сатын анықтайтын ерекше шаруашылық бағалы белгілері болуы тиіс.

7. Тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган құрған Мем­тізбедегі өзгерістерді қарайтын және өзгеріс енгізетін республикалық комиссия, сорттың шаруашылыққа пайдалылығын мемлекеттік немесе өтініш берушінің сынақ нәтижелері бойынша Мемтізбеге өзгерістер мен толықтырулар жөнінде шешімдер қабылдау үшін тұқым шаруа­шылығы саласындағы уәкілетті органға ұсыныс береді.

8. Мемтізбеге енгізілетін өзгерістердің тізілімі жыл сайын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бекітіледі және Мемкомиссияның ресми бюллетенінде жарияланады.

9. Тізбеге келесі деректер кіргізіледі: сорттың атауы, пайдалануға берілген жылы, пайдалануға болатын облыстары немесе аймақтары, сортты шығарған мекеме – оригинатордың аталуы, жеке дақылдар бойынша, тиесілі кодтармен белгіленген шаруашылық-биологиялық мінез­демелері көрсетілген.

10. Мемтізбенің қосымшаларында, түскен өзгерістер бойынша ретте­ліп отыратын, күшті бидай мен дәнді дақылдар, жармалық және дән­ді­бұршақтық дақылдар, арпаның сыра қайнататын аса бағалы сорттары, күнбағыстың жоғарымайлы сорттары мен будандары, рапстың эруксіз (0-типті) және эруксіз төменглюкозинолатты (00-типті) сорттарының тізімдері келтірілген.

11. Мемкомиссия мекеме-оригинаторларға Мемтізбеге енгізілген сорттар мен будандарға авторлық куәлік пен куәлік береді.

––––––––––––––

Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 2 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемле­кеттік тіркеудің тізіліміне №6153 болып енгізілді.