05 Қаңтар, 2012

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы №116

383 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы №116

Бейсенбі, 5 қаңтар 2012 6:40

2010 жылғы 25 ақпан, Астана қаласы

«Патент беруге қорытынды жасаумен сортты сипаттаудың, өсімдік шаруашылығындағы селекциялық жетістікке патент беру туралы қорытынды, өсімдік шаруашылығындағы селекциялық жетістікке патент беруден бас тарту туралы қорытынды және селекциялық жетістіктің атауын тексеру нәтижесі бойынша қорытынды туралы қорытындының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2009 жылғы 26 наурыздағы №168 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы «Тұқым шаруашылығы туралы» Заңын жүзеге асыру мақсатында бұйырамын:

«Патент беруге қорытынды жасаумен сортты сипаттаудың, өсiмдiк шаруашылығындағы селекциялық жетiстiкке патент беру туралы қорытынды, өсiмдiк шаруашылығындағы селекциялық жетiстiкке патент беруден бас тарту туралы қорытынды және селекциялық жетiс­тiк­тiң атауын тексеру нәтижесi бойынша қорытынды туралы қорытын­ды­ның нысандарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл ша­руашылығы Министрінің 2009 жылғы 26 наурыздағы №168 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5646 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған, 2009 жылы, №7) мынадай өзгерістер енгізілсін:

атауында «өсiмдiк шаруашылығындағы селекциялық жетiстiкке патент беру туралы қорытынды» деген сөздер «сорттың патент қабі­леттілігі туралы қорытынды (өсiмдiк шаруашылығындағы селекциялық жетiстiкке патент беру туралы)» деген сөздермен ауыстырылсын;

1-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«сорттың патент қабілеттілігі туралы қорытынды (өсiмдiк шаруа­шылығындағы селекциялық жетiстiкке патент беру туралы);

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өсімдік шаруашылығындағы селекциялық жетістікке патент беру туралы қорытынды нысанында:

атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«Сорттың патент қабілеттілігі туралы қорытынды (өсiмдiк шаруа­шылығындағы селекциялық жетiстiкке патент беру туралы).

2. Егіншілікті дамыту және фитосанитариялық қауіпсіздік депар­та­мен­ті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Рес­пуб­ликасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күндік мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 Министрдің м.а. М.ОРАЗАЕВ.

––––––––––––

Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 12 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемле­кеттік тіркеудің тізіліміне №6122 болып енгізілді.