Медицина • 18 Қаңтар, 2019

Елордалық аурухана тұңғыш рет неврологиялық асқынуды азайтатын құрылғыны қолданды 

514 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанадағы №1 қалалық ауруханада ISIS IOM құрылғысы таныстырылды. Операция кезінде неврологиялық асқынуларды азайтатын аппарат қалалық ауруханалардың арасында тұңғыш рет қолданылып отыр.

Елордалық аурухана тұңғыш рет неврологиялық асқынуды азайтатын құрылғыны қолданды 

Нейрофизиологиялық интраоперациялық мониторинг (ISIS IOM)  кез келген күрделі операцияларды жасау барысында, соның ішінде паркинсон және эпилепсия ауруына шалдыққан пациенттерді емдеуде қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

«Бұл тәсіл арқылы операция өте жылдам және сәтті жасалады. Жарақаты аз. Емделуші операциядан кейін тез қалпына келеді, ауруханада бір күн жатса жеткілікті» деді Нейрохирургия бөлімінің нейрохирург-дәрігері Айгерім Жұмаділдина.

Бүгін жаңа құрылғымен 6 науқасқа операция жасау жоспарланған. Аталған бөлім меңгерушісі Файзулла Смағұловтың айтуынша, бұл аппаратпен радиожиілік дермадеструкция жасауға болады. Яғни наркоз беруге болмайтын пациенттерге осы әдіспен операция жасалады.

Майгүл СҰЛТАН,

«Egemen Qazaqstan»