Қоғам • 12 Маусым, 2025

Автобус толы адамды мас күйінде тасыған

228 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының соты мас күйінде жолаушылар тасыған автобус жүргізушісін 15 тәулікке қамап және одан әрі 7 жылға көлік жүргізу куәлігінен айыру туралы шешім шығарды, деп жазады Egemen.kz.

Автобус толы адамды мас күйінде тасыған

Жүргізуші өзінің таңертең жарты шиша арақ ішіп алып, рөлге отырғанын мойындаған. Ұсталған кезде оның орта дәрежедегі мас күйінде болғаны анықталған. Ал автобуста толыққа жуық жолаушылар отырған, оның ішінде балалар мен қарттар да бар. Әрине, олар жүргізушінің мас екенін білмеген.

Солтүстік Қазақстан облысы