2005-2018 жылдар кезеңінде Ұлыбританияның Қазақстан экономикасына тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 12,8 АҚШ млрд. долларын құрады.
Ұлыбритания Қазақстандағы үздік 5 шетелдік инвесторлардың тізіміне кіруде. Негізгі инвестициялық салалар қатарында мұнай-газ, түсті металлургия, машина жасау, ауыл шаруашылығы, жаңартылатын энергия көздері.
Қазақстанда британдық капиталы бар 670 компания жұмыс істейді. Соңғы жылдары Ernst & Young, Rolls Royce, Rio Tinto, BAE Systems, AstraZeneca, GlaxoSmithKline, PwC, KPMG, Wood Group, Уильям Хэйр, WorleyParsons, Petrofac, Baker & McKenzie, Norton Rose Fulbright, White & Case, Reed Smith, Michael Wilson & Partners, Dentons, Dechert, Morgan Lewis Қазақстанда табысты жұмыс атқаруда.