20 Қаңтар, 2019

ШҚО емханалары 100 тонна қағаз үнемдеді

376 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ШҚО емханалары 100 тонна қағаз үнемдеді

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында 2018 жылдың бел ортасынан Шығыс Қазақстанның барлық мемлекеттік медициналық мекемелерінде электронды құжат айналымы қолға алынған-ды. Бұл жұмыс аз уақыт ішінде өз нәтижесін бере бастаған секілді. «Электронды түрде іс жүргізу еңбек өнімділігін арттырып, қағазбастылықтан құтқарды. «Электронды құжат» толтыру арқылы Шығыс Қазақстанның медицина мекемелері 100 тоннадан (немесе 104 млн. қағаз беттері) астам қағазды үнемдеді», - дейді облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі Әсем Қайратбекқызы.

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

ӨСКЕМЕН