Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы №215
Бейсенбі, 5 қаңтар 2012 7:52
Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында төтенше жағдайдың қолданысын ұзарту туралы
«Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы етемін:
1. «Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 17 желтоқсандағы №197 Жарлығымен енгізілген Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының шегінде төтенше жағдайдың қолданысы 2012 жылғы 31 қаңтардағы 7 сағат 00 минутқа дейін ұзартылсын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.
Астана, Ақорда, 2012 жылғы 4 қаңтар.