20 Қаңтар, 2019

ШҚО-да дін саласындағы құқық бұзушылықтар саны үш есеге азайды

458 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ШҚО-да дін саласындағы құқық бұзушылықтар саны үш есеге азайды

Облыстық дін істері басқармасының діни бірлестіктермен байланыс және мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі бөлімнің басшысы Айтқұрман Тұрғанбаев Өскемендегі Достық үйі - Қоғамдық келісім орталығында өткен Шығыс Қазақстан облысының діни бірлестіктер басшылары Клубының отырысында осылай деді.Оның айтуынша, дін саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар негізінен Өскемен мен Семей қалаларында орын алады екен. «Біздің облысымызда жиі кездесетін құқық бұзушылықтардың түрлері: діни әдебиетті және діни мақсаттағы басқа да заттарды тарату, діни жоралғыларды ғибадат үйлерінен тыс жерлерде өткізу. Дін саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды алдын алу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіледі. Осындай жұмыстардың нәтижесінде дін саласындағы құқық бұзушылықтар саны 2018 жылы (13 құқық бұзушылық)2017 жылмен салыстырғанда 3 есеге (41 құқық бұзушылық)азайды», - дейді ол.

Жиынға қатысқан Шығыс Қазақстан облыстық дін істері басқармасының басшысы Ануар Абдулдин клуб мүшелерін 2019 жылдың Жастар жылы болып жариялануына байланысты осы жылы жастарымыз деструктивті элементі бар діни ағымдардың жетегінде кетпеуі үшін бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

ӨСКЕМЕН