21 Қаңтар, 2019

«Барыс» ойыншылары ҚХЛ жұлдыздары матчында жеңіске жетті

508 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Барыс» ойыншылары Роман Старченко мен Даррен Диц өнер көрсететін Чернышев дивизионының құрамасы ҚХЛ жұлдыздары матчында жеңіске жетті. Бұл туралы «SPORTINFORM» хабарлады.

«Барыс» ойыншылары ҚХЛ жұлдыздары матчында жеңіске жетті

Диц Қазандағы Жұлдыздар матчының финалдық кезеңінде Тарасов дивизионына қарсы ойында дубль жасады (4:3). Бұдан бұрын Роман Старченко жартылай финалда шайба салса, «Барыстың» бұрынғы шабуылшысы Найджел Доустың хет-тригі Харламов дивизионына үшінші орын алып берді.

Чернышев дивизионы - Бобров дивизионы - 4:3.

Шайба салғандар:

0:1 Кагарлицкий (Марченко), 02:07

1:1 Бурдасов (Верба, Хольм), 03:42

2:1 Диц (Верба), 03:58

3:1 Диц (Широков), 06:28

4:1 Коларж, 12:49

4:2 Шипачёв (Майоне, Марченко), 13:45

4:3 Кагарлицкий (Марченко), 16:53

Қақпашылар: Бобков - Хелльберг