Қазақстан • 21 Қаңтар, 2019

Әлеуметтік қорғау – маңызды мәселе

370 реткөрсетілді

Көкшетауда облыс әкімінің орынбасары Қанат Ыдырысовтың төрағалығымен өңірлік Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының жұмысын қорытындылау бағытында алқа отырысы өтті.

Жиын барысында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының жүзеге асырылуы, жазасын өтеп шыққандарды және пробация қызметінде есепте тұрғандарды жұмыспен қамту сияқты бірқатар маңызды деген әлеуметтік мәселе қаралды.

–Тұрғындарды жұмыспен қамту кешенді бағдарламасы аясында қолға алынған шараларға 27,8 мың азамат қатыстырылды.Сөйтіп, жылдық жоспар 135 пайызға орындалды. Облыс бойынша кешенді жоспар асыра орындалғанмен, кейбір аудандарда жоспар толық көлемде жүзеге асырылмады. Мәселен, Қорғалжын ауданында қысқа мерзімді оқытудан жылдық жоспар 6,9 пайызға орындалмады. Мемлекеттік бағдарламалар аясында жұмыс орындарын ашу көрсеткіші 5 ауданда тиісті көрсеткішке жетпеді,– деді облыстық Жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Дина Ахметжанова.

Өңірдің бірқатар ауданында мемлекеттік бағдарламаларды орындау көрсеткіші әлі де болса төмен. Мәселен, Зеренді, Шортанды, Ерейментау, Жақсы және Егіндікөл аудандарында жұмыс орындары қажетті көлемде ашылмаған.

–Бізде жаңа форматтағы мекенжайлық әлеуметтік көмекпен қамту көрсеткіші жоспардан төмен болды. Жоспардағы 790 азаматтың 775-і бұл көмекпен қамтылмады,–деді Аршалы аудандық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекшісі Сәуле Сатыбалдинова.

Облыс әкімінің орынбасары Қанат Ыдырысов мемлекеттік бағдарламаларды үйлестіру бағытында жұмыс істейтін мамандардың өзара тәжірибе алмасуын жолға қою қажеттігіне баса назар аударды. Сондай-ақ, тақырыптық семинарларды көбірек өткізіп, мамандардың нәтижелі және сапалы жұмыс істеуіне қажет арнайы жоба әзірлеуді тапсырды.

Байқал БАЙӘДІЛ,

«Егемен Қазақстан»

Ақмола облысы

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің өсу жолы деп білдім

Қазақстан • Бүгін, 15:41

Діни рәсімдердің өз тәртібі бар

Қазақстан • Бүгін, 11:27

Күлкі керуені № 24

Руханият • Бүгін, 11:08

Рейтингте жоғарылады

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 07:22

«Алтын сақа» үздіктері анықталды

Ұлттық спорт • Бүгін, 07:15

Қазақ әні Нью-Йоркте шырқалды

Руханият • Бүгін, 07:09

Ұқсас жаңалықтар