02 Наурыз, 2010

ПРЕЗИДЕНТ БИЗНЕСТІ ҚОРҒАЙДЫ

750 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2010 жылғы 26 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің алғашқы пленарлық отырысы барысында берген тапсырмаға сәйкес Мемлекет басшысының ресми сайтында (www.akorda.kz) үстіміздегі жылдың 10 наурызынан бастап “Президенттің бизнесті қорғауы” атты арнаулы тарау ашылады. Сайттың бұл тарауы Қазақстан кәсіпкерлерінің өздерінің заңдық құ­қықтары мен мүдделеріне тексеруші, бақылаушы және құқық қор­ғау­шы органдар өкілдерінің тарапынан нұқсан келтірудің нақты фак­ті­лері бойынша Мемлекет басшысына тікелей қайырылуына арналған. Президенттік сайттың осы тарауына түскен әрбір өтініш, шағым бойынша Президент Әкімшілігінің ерекше бақылауымен ресми тексеру жүргізілетін болады.