Медицина • 21 Қаңтар, 2019

Солтүстік Қазақстан тұрғындарын әлеуметтік мәселелер қанағаттандыра бермейді

320 реткөрсетілді

Қызылжар  ауданының әкімі Жанат Сәдуақасовтың тұрғындар алдында берген есебінде әлеуметтік мәселелерге қатысты толғақты сауалдар көп қойылды. 

Баяндамада қамтылғандай, аудан бойынша орташа жалақы 102 мың теңгені құраған. 2700 қызметкердің ең төменгі жалақы мөлшері 1,5 есе көбейген. 1741 жұмыс орны ашылып, 3 мыңнан астам адам еңбекпен қамтылған. Ауыл жолдарын қалпына келтіруге 35 миллион теңге жұмсалған. 15 мың шаршы метр баспана қолданысқа берілген.«Дипломмен – ауылға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 40 жас маман келген. Оларға  қаржылық жәрдем көрсетілген.

Әкімнің есебіне жиналған жұртшылық бірнеше жылдан бері шешімін таппай келе жатқан проблемаларды биыл тағы да қозғады. Әсіресе, жол жөндеу, қоғамдық көлік қатынасы, абаттандыру мен жарықтандыру жайы әлі өткір тұр. Татьяна Торгашева Петропавлдағы балалар үйінде тәрбиеленіпті. Ата-ана қамқорлығынсыз өскен бойжеткен қазір Бескөлдегі мектептердің бірінде ұстаз болып қызмет істейді. Әлі күнге дейін басыбайлы пәтері жоқ. Қызметтік баспананы паналауға мәжбүр. Үйдің кезегінде тұрғанына 10 жылдан асыпты. Осыдан бірер ай бұрын халықтың әлжуаз топтары үшін 30 пәтерлік үй қолданысқа берілгенімен, ілікпей қалыпты. Ол құрбыларым қоныс тойын тойлады, менің кезегім қашан жетеді деп назаланады.

Аудан әкімі оған қазір 5 қабатты екі тұрғын үйдің жобаларын әзірлеп жатырмыз. Олар жеке инвестиция бойынша және жалдамалы баспана ретінде мемлекет қаражатына салынады деп жауап берді.

Зейнеткер Ермек Мұқанов отбасымен Бескөлдің оңтүстік-шығыс ауданында тұрады. Балалары мен немерелері облыс орталығынан атасы мен әжесіне қонаққа келу үшін 101-ші автобуспен қатынайды екен. Екі араны жалғастыратын жалғыз қоғамдық көлік ол тұратын ауданға бармайтын көрінеді. Қарияның тарапынан оңтүстік-шығыс Бескөл аймағы мен Есенин көшесі арқылы жүретін жаңа маршрут ашып берсеңіздер, бұл жақта оқушылар көп, ал мектеп болса алыс, балаларға жаяу қатынау өте қиын деген ұсыныс айтылғанымен, аяқсыз қалып келеді. Бескөл ауылдық округінің әкімі Ербол Багенов мәселенің бақылауға алынғанын, қоғамдық көлік бағытын “Мирас” балабақшасынан әрі ұзарту мүмкіндігі қарастырылып жатқанын жеткізді.

Ақжар ауданында өткен әкім есебінде зейнеткер Марат Жетепов Алқатерек ауылынан 14 шақырым жерде орналасқан ұңғымадан су тарту мәселенін көтерсе, Айсұлу Жүсіпова шаруа қожалықтарына жайылымдық, шабындық жерлер жетіспейтінін алға тартты. Зейнеткер Қайыркөш Жұматаев  жолдың сапасыздығына қынжылыс білдірді.

Айыртау ауданы Володар ауылдық окпугінің тұрғындары су сүзгісі істен шыққандықтан тіршілік нәрінің санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес келе бермейтінін, Ақан-Бұрлық елді мекенінің жұртшылығы нан сапасының, медициналық қызметтің төмендігін жеткізді.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар

Ауыр атлеттер Катарға аттанады

Ауыр атлетика • Бүгін, 12:08

Жақсы ауданындағы жақсы істер

Аймақтар • Бүгін, 11:49

Көпбалалыларға көмек

Аймақтар • Бүгін, 11:41

Күлкі керуені № 22

Руханият • Бүгін, 09:45

Фариза ақынның ұстазы

Руханият • Бүгін, 07:41

Армениямен ынтымақтастық дамиды

Парламент • Бүгін, 07:37

Жастар сыйлығы тапсырылды

Қоғам • Бүгін, 07:33

Әлдибастау әулиесі

Руханият • Бүгін, 07:23

Тәу етер жалғыз киеміз

Қоғам • Бүгін, 07:18

Көзін тапқанға кәсіп көп

Қоғам • Бүгін, 07:13

Темір жолды жағалап топ бала жүр

Аймақтар • Бүгін, 07:08

Бірқатар кездесу өткізді

Президент • Бүгін, 07:04

Ұқсас жаңалықтар