Аймақтар • 21 Қаңтар, 2019

Қапшағайда судағы полиция қызметі құрылады

35 реткөрсетілді

Еліміздегі ең танымал жағажай демалысының орталығы болып саналатын Қапшағай көліндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін арнайы полиция қызметін құру күн тәртібіне қойылды.

-  Қапшағай су қоймасының жағалауында патрульдік полиция қызметін құру идеясына облыс әкімі тарапынан қолдау көрсетілді. Қазір жұмысты жандандыру үшін 2 қайық пен үш шаңғы қажет. Бұл мәселе жақын күндері шешіледі, - дейді Қапшағай қалалық полиция басқармасының бастығы, подполковник Эльдар Әбдікенов.

Қапшағай жағажайында жаз кезінде демалушылар қатары көбейеді. Қоғамдық тәртіпті құрлықта қадағалау оңай болғанымен, азаматтардың судағы жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету арнайы құралмен жабдықталған полиция жасағынсыз қиын болып отыр. Ал қыс мезгілінде де көл үстінде балықшылар мен саятшылардың өміріне қауіп төнген мысалдар жеткілікті. Сондықтан судағы полиция жасағының құрылуы кезек күттірмейтін шара дейді құқық қорғаушылар.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Алматы облысы

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар