Саяси және экономикалық қиыншылықтарды бастан өткеріп, елдің территориясына қатысты күрделі мәселелермен бетпе-бет келіп отырған Украинаны алдағы бес жылда кім басқарады? Бұл сауал украиналықтарды ғана емес, әлемдік қоғамдастықты да толғандырып отыр. Сондықтан да биылғы 31 наурызда осы елде өтетін президенттік сайлау жылдың басты оқиғаларының бірі ретінде қарастырылуда.

Жалпы, 2018 жылдың 26 қарашасында Украинаның Жоғарғы Радасы ел президентін сайлауды 2019 жылдың 31 наурызында өткізу туралы шешім қабылдаған болатын. Бұл жөнінде арнайы хабар тараған сәттен бастап түрлі болжамдар, бейресми сауалнамалардың нәтижелері ақпарат кеңістігін жаулап алды. Сондай-ақ кейбір тұлғалар алдағы президенттік сайлауда бақ сынайтынын растаған мәлімдемелерін жариялап, сол арқылы өздерін белгілі бір деңгейде жарнамалап та үлгерді. Осы жөніндегі ақпараттарға көз жүгіртсек, сайлауға түсетінін алдын ала мәлімдегендердің қатары қалың. Бұл өз кезегінде Украина президентін анықтау шарасының өте тартысты өтетінін аңғартса керек. Олардың санатында белгілі тұлғалар да (халық депутаттары, экс-депутаттар, бұрынғы министрлер, саяси партиялардың жетекшілері, кәсіпкерлер, т.б.), аты соншалықты танымал емес адамдар да кездеседі.
Соңғы әлеуметтік сауалнамалар көрсетіп отырғандай (BDM- Blue Dawn Monitoring), сайлауға түсетінін растағандардың ішінде әзірге Украинаның экс-премьер-министрі, «Батькивщина» партиясының лидері Юлия Тимошенконың (22,6), шоумен, актер, «Квартал-95» студиясының жетекшісі Владимир Зеленскийдің (13,6), Украинаның бұрынғы Қорғаныс министрі, «Азаматтық позиция» партиясының жетекшісі Анатолий Гриценконың (9,3) және елдің бұрынғы вице-премьер-министрі Юрий Бойконың (4,7) бәсі жоғарырақ болып тұр. Осы арада бір ескере кетер жайт, бұл аты аталғандардың ішінде Анатолий Гриценкодан басқасы елдің Орталық сайлау комиссиясынан ресми түрде тіркеуден әлі өтпеген. Ал президент П.Порошенконың әзірге саяси додаға түсер-түспесі нақтыланған жоқ. Ол өзінің нақты шешімін сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басталар қарсаңда жариялауы мүмкін. Десек те әлеуметтік сауалнамалар бойынша П.Порошенконың көрсеткіші тым жаман емес – (10,3).
Тағы бір айта кетер мәселе, әзілкеш, актер В.Зеленскийдің президенттік сайлауда бақ сынайтынын мәлімдегені, оның әлеуметтік сауалдамалар бойынша алдыңғы үштіктен көрінуі аталған саяси үдерісті біршама ерекшелендіріп тұрғандай. Қазіргі таңда бұл мәселеге қатысты түрлі пікірлер, болжамдар айтылуда. Дегенмен, негізгі мамандығы заңгер, 41 жастағы В.Зеленскийдің сайлау үдерісіндегі қазіргі көрсеткіші, сондай-ақ оның өнер саласындағы танымалдылығы шындыққа жақын келетін болжам жасауға мүмкіндік бере қоймайды.
Сонымен қатар бұл сайлауда өнер адамдары қатарынан тек В.Зеленский ғана емес, Украинаның халық әртісі, ақын, рок-музыкант Святосла́в Вакарчу́к деген азамат та бақ сынамақ ойы бар көрінеді. Сондықтан да болар, 43 жастағы бұл азаматтың да әлеуметтік сауалнамалар бойынша көрсеткіші тізімде тұр – (3,6).
Қалай дегенмен, алдын ала жасалған әлеуметтік сауалдамалардың нәтижелеріне сенім аз. Негізгі, дәлірегі шынайы нәтижеге жақын келетін болжамдар үміткерлердің үгіт-насихат шаралары кезінде жасалады деп ойлаймыз. Өйткені осы кезеңде үміткерлер тарапынан жарияланатын сайлауалды бағдарламалар, олардың халыққа беретін уәделері, әлеуметтік мәселелерге қатысты пікірлері, көршілес мемлекеттерге қатысты саяси ұстанымы, бәрі-бәрі айқындалып, кандидаттың бітім-болмысы, әлеуеті, деңгейі белгілі бола түседі. Осыдан кейін барып жасалған болжамдарға иек артуға болады.
Енді сайлау үдерісі жөніндегі нақты ресми деректерге тоқталайық. Украинадағы президенттік сайлау үдерісі басталған 2018 жылдың 30 желтоқсанынан бері Орталық сайлау комиссиясынан ресми тіркеуден 8 үміткер өтті. Олар: Игорь Шевченко (экс-министр, «Табысты Украина» қайырымдылық ұйымының төрағасы, өзін-өзі ұсынған), Сергей Каплин (халық депутаты, Украина социал-демократиясы партиясының басшысы, осы ұйымның атынан), Валентин Наливайченко (Украина қауіпсіздік қызметінің бұрынғы төрағасы, экс-депутат, «Әділеттілік» саяси партиясының төрағасы, осы партияның атынан), Андрей Садовый (қоғам қайраткері, «Самопомощь» бірлестігінің жетекшісі – осы ұйымның атынан), Виталий Скоцик (саясаткер, экономист, өзін-өзі ұсынған), Виталий Куприй (халық депутаты, өзін-өзі ұсынған), Евгений Мураев (халық депутаты, «Біздің» саяси партиясының жетекшісі, осы ұйымның атынан), Анатолий Гриценко (бұрынғы Қорғаныс министрі, халық депутаты, «Азаматтық позиция» партиясының төрағасы, осы ұйымның атынан). Сондай-ақ өзін-өзі ұсынған үш азамат заң талаптарына сәйкес тіркеуден өте алмаған.
Негізінен талапкерлер тарапынан Орталық сайлау комиссиясына құжат өткізу 4 ақпанда тоқтатылады. Ал 8 ақпанда үміткерлерді тіркеу аяқталып, 9 ақпанда сайлауда бақ сынайтын кандидаттардың ресми тізімі жарияланады. Бұл сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының басталғанын білдіреді. 29 наурызда насихат жұмыстары тоқтатылады. 31 наурызда басты саяси дода – президенттік сайлау басталады. Ал 10 сәуірде Орталық сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижелерін жариялайды. Егер ешқандай кандидат жалпы дауыс берушілердің 50 пайыздан артық қолдауына ие бола алмаса, онда екінші тур өтеді. Ол 21 сәуірге белгіленген. Екінші турдың нәтижесі 1 мамыр күні мәлім болады. 3 маусымда Жоғарғы Радада жаңадан сайланған Украина президентінің инаугурациясы ұйымдастырылады.
Сонымен, Украинаның келесі, яғни алтыншы президенті биылғы көктемде белгілі болмақ. Қай саясаткердің бағы жанып, алдағы бес жылда Украина тізгінін ұстайтынын уақыт көрсететіні сөзсіз.
Жолдыбай БАЗАР,
«Egemen Qazaqstan»
Елбасы мемлекеттік наградаларды табыс етті
Қазақстан • Бүгін, 20:20
Маттео МАЦЦОНЕ: «Мен Алматы ұлттың мәдени астанасы екендігі жайлы жиі естуші едім»
Аймақтар • Бүгін, 20:17
Президент мемлекеттік наградалар мен сыйлықтарды табыстауға арналған салтанатты рәсімге қатысты
Президент • Бүгін, 18:50
Нұр-Сұлтанда «Поэзия Падишасы» атты әдеби-сазды кеш өтті
Қазақстан • Бүгін, 18:46
Гаэтанно Доницеттидің «Дон Паскуале» операсын бірінші алматылық журналистер тамашалады
Аймақтар • Бүгін, 18:44
Елордада көпбалалы аналар алтын және күміс алқалармен марапатталды
Қазақстан • Бүгін, 18:13
Алматыда «Инемен жазылған кескіндеме» атты көрме ашылды
Аймақтар • Бүгін, 17:57
Алматы облысында жасөспірімдерді зорлау оқиғасы көбейді
Аймақтар • Бүгін, 17:54
Елордада иппотерапиямен айналысу үшін жабық манеж салынады
Қазақстан • Бүгін, 17:51
Сенат комитетінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер қаралды
Парламент • Бүгін, 17:48
Алматыға 62 жылдан кейін әйгілі «Дон Паскуале» операсы оралды
Аймақтар • Бүгін, 17:41
«Орбұлақ шайқасы» көрерменге жол тартады
Кино • Бүгін, 17:27
Нұрлан Ноғаев: «Экология проблемасы Атырау облысының барлық тұрғындарын алаңдатады»
Аймақтар • Бүгін, 17:20
Шеңгелдінің алтын-күмістерімен айшықталған жібектері
Аймақтар • Бүгін, 17:11
Алматыда «Ұлы дала – түркі халықтарының ортақ мекені» конференциясы өтті
Аймақтар • Бүгін, 17:07
Атырау тұрғындарының 80% МӘМС жүйесінде сақтандырылған
Аймақтар • Бүгін, 17:03
Алматы облысында ана мен бала өлімінің 12 дерегі тіркелді
Аймақтар • Бүгін, 17:01
Ирактан қайтарылған балалар туыстарымен қосылды
Үкімет • Бүгін, 16:46
Алматыда үздік детектив шығарма иелері марапатталды
Аймақтар • Бүгін, 16:44
Сенатта «Байқоңыр» кешенін жалға беру шартына өзгерістер енгізу мәселелері қаралды
Парламент • Бүгін, 16:41
2025 жылға дейін Маңғыстауда 40 инвестициялық жоба жүзеге асады
Аймақтар • Бүгін, 16:37
«Қарақия – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды
Аймақтар • Бүгін, 16:27
Сыйақы қоры – бес миллиард теңге
Аймақтар • Бүгін, 16:18
Маңғыстаулық полицейлер Түпқараған ауданында болды
Аймақтар • Бүгін, 16:03
Маңғыстаулық еріктілер әлеуметтік көмектер көрсетуде
Аймақтар • Бүгін, 15:57
Ақтауда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күнін атап өтті
Аймақтар • Бүгін, 15:47
Болат Хабижанұлы «Алтын дәрігер» медалімен марапатталды
Руханият • Бүгін, 15:44
Қазақстан • Бүгін, 15:41
Бұл шара – біздің Тәуелсіздік күніне тартуымыз
Қазақстан • Бүгін, 15:35
Елордада заңсыз салынған нысандар сүрілетін болады
Қазақстан • Бүгін, 15:31
Нұр-Сұлтанда АҚИҰ штаб-пәтері ашылды
Үкімет • Бүгін, 15:28
Алматының Бас құжатының соңғы нұсқасы талқыланып жатыр
Аймақтар • Бүгін, 15:21
Көксу ауданының дәрігерлері көне ғимараттарда қызмет көрсетуде
Аймақтар • Бүгін, 15:14
Қостанайда балаларға арналған оңалту орталығы ашылды
Аймақтар • Бүгін, 15:11
Алматы облысында тұрғыны аз ауылдың ауруханасы оңтайланбақ
Аймақтар • Бүгін, 15:08
Жансейіт Түймебаев «Egemen Qazaqstan» газетінің журналистерін марапаттады
Руханият • Бүгін, 13:05
Д.Назарбаева Мал шаруашылығы және ет-сүт кешенінің өкілдерімен кездесті
Парламент • Бүгін, 12:56
Д. Назарбаева астық бірлестіктерінің өкілдерімен кездесті
Парламент • Бүгін, 12:51
Елордада ÁMEN анимациялық кинофестивалінің тұсаукесері өтті
Қазақстан • Бүгін, 12:46
Елордада мереке күндері қоғамдық көлік күшейтілген тәртіпте жұмыс істейді
Қазақстан • Бүгін, 12:43
Бүгін «Мастерс» турнирі басталады
Күрес • Бүгін, 12:38
Алматыда «Латын графикасына көшудің стратегиясы, ұлт болашағы» тақырыбында семинар өтті
Аймақтар • Бүгін, 12:22
Цифрлы қоғамның қаламгерлерінің атына ашылған веб-сайттың сертификаты табыс етілді
Аймақтар • Бүгін, 12:11
Алматының үздік боксшылары анықталды
Бокс • Бүгін, 12:02
«Өрлеуде» конкурс жеңімпаздары марапатталды
Аймақтар • Бүгін, 11:52
ҚАЖ қызметкерлері тарихи мұражайға барды
Аймақтар • Бүгін, 11:49
Бокс: Жарыс жеңімпаздарына спорт шебері атағы берілсе игі
Бокс • Бүгін, 11:40
Діни рәсімдердің өз тәртібі бар
Қазақстан • Бүгін, 11:27
Руханият • Бүгін, 11:08
Тәуелсіздік күні қарсаңында бірқатар азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды
Президент • Бүгін, 11:07
Қорғаныс министрлігінде әскери спортшыларға құрмет көрсетілді
Үкімет • Бүгін, 11:01
Норвегияда «Әміре» фильмі көрсетілді
Әлем • Бүгін, 10:53
Б. Мәкен «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барды
Қазақстан • Бүгін, 10:43
Орталық музейде «Алтын орда - қазақ мемлекетінің алтын бесігі» атты көрме ашылды
Аймақтар • Бүгін, 10:34
Алматыда зорлық-зомбылық экстремизмді алдын алу мәселелері талқыланды
Үкімет • Бүгін, 10:19
Алматыда «Қазақтелефильм» студиясына ескерткіш тақта орнатылды
Аймақтар • Бүгін, 10:12
Футбол: Чемпиондар лигасының плей-офф додасына шыққандар анықталды
Футбол • Бүгін, 10:06
Халық әртісі Еркеғали Рахмадиевтің үйіне ескерткіш тақта қойылды
Қазақстан • Бүгін, 10:00
Кәсіпқой бокс: Алматыда кімдер жұдырықтасады?
Кәсіпқой бокс • Бүгін, 09:50
Облыстық Ассамблея жылды қорытындылады
Аймақтар • Бүгін, 09:45
Білім беру сапасын қалай арттыруға болады?
Парламент • Бүгін, 09:30
А. Мамин Лондон қаласына жұмыс сапарымен барды
Үкімет • Бүгін, 09:26
Алматы облысында субсидия алмаған шаруа 3 жылдан бері әділдік іздеп жүр
Аймақтар • Бүгін, 09:08
Кәсіпқой бокс • Бүгін, 07:22
Жылдың қорытынды турниріне қатысады
Спорт • Бүгін, 07:17
«Алтын сақа» үздіктері анықталды
Ұлттық спорт • Бүгін, 07:15
Руханият • Бүгін, 07:09
Қоғам • Бүгін, 07:04
Қайырымдылық жобаларына 6 млрд теңге бөлген қор
Қоғам • Бүгін, 07:02
Ұқсас жаңалықтар