Қазақстан • 21 Қаңтар, 2019

Жыл сайын елімізде 1700-ден астам адамда жатыр мойны обыры анықталады

385 реткөрсетілді

Бүгін Алматыдағы Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында әйелдердің жатыр мойны обырына қатысты онкологтардың баспасөз-конференциясы өтті.

Жатыр мойны обыры жатыр мойыны эпителийінде пайда болатын қатерлі ісік болып табылады. Қазіргі таңда мамандар адам папилломасы вирусы (АПВ) мен жатыр мойны обырының даму қатері арасындағы байланыс бар екендігін дәлелдеп отыр.

Қазақстанда онкопатология құрылымында жатыр мойны обыры сүт безі қатерлі ісігінен кейінгі екінші орында тұр. Жыл сайын елімізде 1700-ден астам адамда жатыр мойны обыры анықталады және оның 600-ге жуығы көз жұмады.

Жатыр мойны обыры 40-44 жастағы қыз-келіншектер арасында жиі байқалады.

Өз кезегінде елімізде 2008 жылдан бері жатыр мойны обырын ерте анықтау жөніндегі Ұлттық скрининг бағдарламасы әрекет істеп келеді

Дүйсенбіде өткен баспасөз мәслихатында ҚР ДСМ «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының» басқарма төрайымы, ҚР ДСМ бас онкологы Диляра Қайдарова, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының онкогинекология бөлімшесінің меңгерушісі Ерлан Көкібасов, тәжірибелі онкогинеколог Толқын Садықова сынды еліміздің жетекші онкологтары аталмыш дерттің алдын алу, оның ішінде жатыр мойны обыры мен жатыр мойны обырының белгілері, вакцинациялау қауіпсіздігі туралы кеңінен баяндады.

Сондай-ақ, қаңтар айында Қазақстанның онкологиялық ұйымдарында жатыр мойны обырының алдын алу бойынша шаралар өтеді.

Еліміздің бас онкологы Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында, сондай-ақ еліміздің барлық онкологиялық мекемелерінде 2019 жылдың 26 қаңтарында сағат 09.00-ден 14.00-ге дейін жатыр мойны обырының алдын алу және ерте анықтау үшін Ашық есік күні өтетіндігін мәлімдеді.

Бұл күні әйелдер тегін кеңес ала алады, сонымен қатар онкогинекологтан тексерістен өтіп, өздерін қызықтырған барлық сұрақтарын қоя алады.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар

Атыраулықтар тағы да үздіктер қатарында

Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2019

Тәуелсіздік – тұғырым

Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2019

Жас отбасылар баспаналы болды

Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2019

Күлкі керуені № 25

Руханият • 13 Желтоқсан, 2019

Ұқсас жаңалықтар