Іс-шараның мақсаты-шетелдіктердің болу қағидаларын бұзуды анықтау, тұрақты тұратын және уақытша тұратын шетелдіктерді тиісті есепке алуды қамтамасыз ету болып табылды.
Аталған іс-шараға департаменттің Көші-қон қызмет басқармасы және Жергілікті полиция қызмет басқармасымен барлығы 266 қызметкер жұмылдырылды.
Нәтижесінде, көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 518-бабына сәйкес 30 шетел азаматына әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Сонымен қатар, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 519-бабымен 5 Қазақстан Республикасы азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жеке бастарын анықтайтын құжаттары жоқ 29 азаматы ҚІІБ-ның қабылдау-тарату орнына жеткізілді.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табуда.