«Өлкетану» оқулығын дайындауға облыстық бюджет есебінен 25 млн теңге қаржы бөлінген. Бүгінде оқулық ҚР Білім және ғылым министрлігінің сараптамасынан өтіп, 2018-2019 оқу жылында білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендер тізбесіне енді.
5-6-7 сыныптарға арналған «Өлкетану» оқулығында Сыр өңірінің тарихы, киелі жерлері жайлы аңыздар, тарихи деректер, тарихи тұлғалар, ұлттық қолөнер, туристік маршруттар, басқа да қажетті мәліметтер жинақталған.
Оқулық биылғы екінші жарты жылдықтан бастап оқытылады.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»
Қызылорда облысы