Әлем • 21 Қаңтар, 2019

Тереза Мэй Еуроодақтан шығуға байланысты қосымша жоспарын таныстырады

504 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тереза Мэй бүгін Британияның Еуроодақтан шығуына байланысты «Б жоспары» аталып кеткен қосымша жоспарын таныстырады. 

Тереза Мэй Еуроодақтан шығуға байланысты қосымша жоспарын таныстырады

Британия премьер-министрі мемлекет депутаттарына басқарып отырған министрлер кабинетінің Біріккен Корольдіктің Еуроодақтан шығуына қатысты жүргізетін жұмыстарын түсіндіреді.

Мэйдің партияласы, Сауда министрі Лиам Фокс осыған байланысты өз ойын білдірді. «Халық одақтан «шығуға», ал Парламент «қалуға» бел буған. Дегенмен парламенттің шешімін өзгертер құқы жоқ, өйткені халыққа нақты қарарын айтып қойды. Шешімді халық шығарады, ал біз оны жүзеге асыру жолдарын қарастырамыз» деді.

Кейбір БАҚ Ұлыбритания мен Ирландия бөлек келісім жасайды деп жорамалдап отыр. Бұл келісім Солтүстік Ирландиямен туындаған шекара мәселесінің шешілуіне жол болмақ дейді. Алайда бұған Ирландияның келісім бермеуі бек мүмкін.

Төменгі палатада 50-бапқа жүгіну туралы ұсыныстар да бар. Аталған бап жаңа келісім жасауға уақыт ұтып бермек. Бұл туралы мемлекеттің «брексит» мәселесі бойынша министрі, депутат Кир Стармер де айтқан болатын.

ЕО-ның жаңа келісіміне қатысты жаңа дауысқа салу 29 қаңтарға белгіленген.