«2018 жылы микрокредит беру бағдарламасын қаржыландыру 20 млрд теңгеге, оның ішінде ауылдарда 14 млрд, қалаларда 6 млрд теңгеге ұлғайды. Қосымша бөлінген қаражатты есепке алғанда, микрокредит берудің жалпы сомасы 62 млрд теңгені құрады. Оның ішінде 45 млрд теңге ауылдық жерлерге және 17 млрд теңге қалалық жерлерге жіберілді. 2018 жылға арналған микрокредитпен қамту жоспары 14 мың адамды құрады», деді министр.
Оның айтуынша, микрокредиттер микробизнесті ашу және бар бизнесті кеңейту мақсатында беріледі.
«2018 жылы барлығы 14 053 микрокредит берілді, оның ішінде ауылдарда - 12760, қалаларда - 1293 микрокредит берілді. Ауылдарда микрокредит берудің орташа мөлшері 3,5 млн теңгені, ал қалаларда 11 млн теңгені құрайды. Берілген микрокредиттер ішінен Start-up жобаларды қолдауға 9772 микрокредит, якорлы кооперацияның жаңа бағытын дамытуға 1024, жеке істі кеңейтуге 3257 микрокредит берілді. Осылайша, Төртінші әлеуметтік бастаманы іске асыру толық қамтамасыз етілді», деді М.Әбілқасымова.