Аймақтар • 22 Қаңтар, 2019

Астана станциясының өткізу қабілетін ұзартылған «иін» арттырды

350 реткөрсетілді

Ақмола теміржолшылары кепілдендірілген учаскелердің ұзарту технологиясын қолданып, Астана станциясының өткізу қабілетін жақсартты. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады. 

Енді транзиттік пойыздар белгіленген пунктіне Астана станциясына тоқтамай-ақ бара береді. Пойыздар Атбасар станциясынан Екібастұз-1 станциясына дейін (530 км), Ерейментау станциясынан Атбасар станциясына дейін (369,1 км), Бурабай курортынан Екібастұз станциясына дейін (532 км) барады. Пойыздарды Ерейментау және Бурабай курорты локомотив деполары басқарады.

Бұған дейін Астана станциясында локомотив бригадаларын, локомотивтерді, вагондарды тіркеу-алып тастау бойынша технологиялық операциялар жүргізілетін еді. Бұған 1,7 сағат кететін.

Кепілдендірілген учаскелерге технологиялық ұзарту енгізілгеннен кейін транзит вагонының тұрып қалуы 0,5 сағатқа қысқарып, бөлімшелер бойынша жалпы вагондар айналымы артып 12,5 сағатқа  жетті.

Транзитті пойыздарды тоқтатусыз өткізу Астана станциясында жүк пойыздарын жөнелту, қабылдау бойынша жұмыстар жүктемесін төмендетті. Толықтай алғанда бұл станцияның өткізу мүмкіндігін жақсартты.

Кепілдендірілген учаскелерді ұзарту технологиясының арқасында вагондар айналымы уақыты кеміп, техникалық және учаскелік жылдамдық,  локомотивтердің өнімділігі жақсарды.

Теміржолшылар технологияларды енгізу Жүк тасымалы Ақмола бөлімшесінің сапалық көрсеткіштерін жақсартқандығын және негізгі бағыттарға пойыздарды өткізу оңтайландырылғандығын атап көрсетуде.

Соңғы жаңалықтар

Рейтингте жоғарылады

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 07:22

«Алтын сақа» үздіктері анықталды

Ұлттық спорт • Бүгін, 07:15

Қазақ әні Нью-Йоркте шырқалды

Руханият • Бүгін, 07:09

Шапағатты жол

Руханият • Бүгін, 06:59

«Қайырболатты қайтарыңдар!»

Аймақтар • Бүгін, 06:56

Волонтерлер бас қосты

Қоғам • Бүгін, 06:47

Стипендия көтеріледі

Қоғам • Бүгін, 06:43

Нақты тапсырмалар берді

Президент • Бүгін, 06:27

Алтын орданың ақ таңы

Руханият • Кеше

Күлкі керуені № 23

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар