Үкімет • 22 Қаңтар, 2019

М. Әбілқасымова: Микрокредит жастар арасында да сұранысқа ие

566 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2018 жылы 2048 жас азамат кәсіпкерлікпен айналыса бастады. Бұл туралы Үкімет сағатында Еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау министрі М. Әбілқасымова мәлімдеді. 

М. Әбілқасымова: Микрокредит жастар арасында да сұранысқа ие

«Микрокредит беру шеңберінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың  қатарынан 13367 адам және 1686 жұмыссыз адам кәсіпкерлікпен айналысуға, сондай-ақ өз қызметін заңдастыруға мүмкіндік алды. Микрокредиттер жастар арасында да сұранысқа ие. 2018 жылы 2048 жас азамат кәсіпкерлікпен айналыса бастады, оның ішінде 1008  адам старт-ап жобаларына микрокредит алды», деді министр.  

Сондай- ақ ол кәсіпкерлікті дамытуда әйелдердің белсенді қатысуын атап өтті. 

«3033  әйел немесе қатысушылардың барлық санының  21% кәсібін дамыту мақсатында микрокредит алды. Оның ішінде 1849 әйел алғаш рет жеке ісін ашты», деді ол.