Аймақтар • 22 Қаңтар, 2019

Мемлекеттік көмектің нәтижесін көріп отыр

433 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жалағаш ауданы Қаракеткен ауылының іскер қызы Жанат Мырзақұлова осы ауылдың атымен аталатын тұшпара шығара бастады.

Мемлекеттік көмектің нәтижесін көріп отыр

Мемлекеттік жәрдем аясында қолға алынған кәсіпорын өнімдері сапалы әрі тұрғындар сұранысына ие.

- Біз жылына жеті-сегіз миллион теңгеге тұшпара дайындаймыз,-дейді жеке кәсіпкер Жанат Мырзақұлова. –Тұтынушылар біздің өнімді қала және аудан сауда орындарынан ықыласпен сатып алып, жақсы тілектерін білдіріп жатады. Осы кәсіпорынды құруға керекті қондырғыларды мен мемлекеттік көмектің арқасында жеңілдетілген несие арқылы алдым. Болашақта тұрғындар сұранысына орай керегесі кеңейуі мүмкін.

Тәуекелдің қайығына мінген жеке кәсіпкер тұшпара мен ғана шектелмепті. Ол енді төсекжайма дайындайтын «Ай-Керім» шағын кәсіпорынын да жүргізіп отыр.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы