12 Қаңтар, 2012

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы №5/160

274 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы №5/160

Бейсенбі, 12 қаңтар 2012 8:42

2012 жылғы 11 қаңтар,  Астана қаласы
«Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласындағы төтенше жағдай кезінде сайлау заңнамасының қолданылу ерекшеліктері туралы» 
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының  2012 жылғы 6 қаңтардағы № 1/153 қаулысының күшін жою туралы

Бейсенбі, 12 қаңтар 2012 8:42

2012 жылғы 11 қаңтар,  Астана қаласы
«Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласындағы төтенше жағдай кезінде сайлау заңнамасының қолданылу ерекшеліктері туралы» 
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының  2012 жылғы 6 қаңтардағы № 1/153 қаулысының күшін жою туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық за­­­ңы­на өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәй­кестігі тұрғысында тексеру туралы» Қазақстан Рес­публикасы Конституциялық Кеңесінің 2004 жылғы 9 сәуірдегі № 5 қаулысына түсіндірме беру туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңе­­сі­нің 2012 жылғы 6 қаңтардағы № 1 қосымша қаулы­сына Қазақстан Республикасы Президентінің қар­­сылықтарын Қазақстан Республикасы Конститу­циялық Кеңесінің еңсере алмауына байланысты, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді:
1. «Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын­­­да­­­ғы төтенше жағдай кезінде сайлау заңнамасының қолданылу ерекшеліктері туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2012 жыл­­­ғы 6 қаңтардағы № 1/153 қаулысының күші жойылсын.
2. 2012 жылғы 15 қаңтарға тағайындалған, бе­­сін­­­ші сайланатын Қазақстан Республикасы Парла­­менті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы мен Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы Маңғыстау облы­сының Жаңаөзен қаласында өткізіледі.
3. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау ко­миссиясының 2012 жылғы 6 қаңтардағы № 1/153 қаулысымен күші жойылған, Маңғыстау облысы­ның тиісті сайлау комиссияларының Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында сайлауды әзірлеу мен өткізу мәселелері жөніндегі шешімдері күшінде қалады деп есептелсін.
4. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын және Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясына жіберілсін.
5. Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясы осы қаулыны сайлаушылардың, аумақтық және округтік сайлау комиссияларының назарына жеткізсін.
6. Орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Б.С. Мелдешовке жүктелсін.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы  Қ.ТҰРҒАНҚҰЛОВ.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы  Б.МЕЛДЕШОВ.