Қазақстан • 23 Қаңтар, 2019

Жастар жылының ашылу салтанаты басталды

1325 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Жастар жылының ашылу салтанаты өтіп жатыр. Іс-шарада еліміздің жалынды жастары бар.

Жастар жылының ашылу салтанаты басталды

Ашылу салтанатына өнер, ғылым, бизнес, әскери, журналистика, спорт және т.б. барлық саладағы үздіктер жиналған. Олардың арасында шахматтан әлем чемпионы Жансая Әбдімәлік, миллиардтардың жүрегін жаулаған Димаш Құдайберген, киносүйер көпшіліктің көзайымына айналған Асылхан Төлепов, әнімен ғана емес, кәсіпқой бокста да көк туды желбіреткен Ибрагим Ескендір және басқа да қоғам белсенділері, жас депутаттар, «Жүз жаңа есім» жобасының жеңімпаздары қатысты.  Сондай-ақ барлық өңірдегі жастар онлайн режимде байланысқа шықты.

Рәсімде тәуелсіздік ұрпақтары өзінің жетістіктерімен және жоспарларымен бөлісті. Солардың алғашқысы - 21 мейрамхана ашқан 23 жасар Расул Абдуллаев «Бұл жыл – тек жастарға ғана емес барлық қазақстандықтарға берілген мүмкіндік» дейді. Жас кәсіпкер болашақта маркетингті дамытуды ұсынды.

Ешкі сүті өндірісімен айналысып отырған 27 жасар Тамила Розметова «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасының шалғайдағы жастарға жасалған жарқын жоба екенін айтты. Астанада алма ағаштарын отырғызуға дайын екенін жеткізді. Сондай-ақ ол алманың кездейсоқ ауа райына төзімді 4 сортын әзірлеп қойғанын да атап өтті.

Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ,

Egemen Qazaqstan