26 Қаңтар, 2019

«Барыс» хоккейшілері ЦСКА-ны 5:2 есебімен жеңді

578 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық  хоккей лигасының кезекті матчында «Барыс» хоккейшілері ЦСКА-ны тізе бүктірді.

«Барыс» хоккейшілері ЦСКА-ны 5:2 есебімен жеңді

Ойын бүгін Мәскеу қаласында өткен болатын, есеп 2:5.  «Барыс» ойынның 19 секундында-ақ Брэндон Боченскидің гол соғуымен алға шыға бастады. Сол арқылы ҚХЛ-дағы осы маусымдағы ең тез соғылған голдың авторы атанды.

 «Барыс» екінші соққысын 20 минутта жасап, қарсыласын сан соқтырды. Үзіліске 8 минут қалғанда ҚХЛ-дың осы маусымындағы ең мықты қорғаушысы Даррен Диц  гол соғып, есеп 2:0 болды.

 «Барыс» үшін екінші кезең де өте сәтті басталды. 59 секундтан соң швециялық шабуылшы Андре Петерссон гол соқса, ойынның 23-ші минутында қорғаушы Алексей Маклюков есепті 4:0 – ге жеткізді.

Дегенмен қарсыластар 35-ші минутта шабуылшы Кирилл Капризовтың голымен есепті қысқартты - 1:4. Тағы бір рет «Барысты» сан соқтырған гол 55-ші минутта шабуылшы Антон Слепышевтың есебінен болды.

Соңғы голды «Барыс» 59-шы минутта салды, авторы – Боченски болды. Осылайша ойын 5:2 есебімен аяқталды.