26 Қаңтар, 2012

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Басқармасының қаулысы № 212

316 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Басқармасының қаулысы № 212

Бейсенбі, 26 қаңтар 2012 7:05

Алматы қаласы, 2011 жылғы 26 желтоқсан                    

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Айналыстағы ұлттық валютаның ақша белгілерінің дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды ауыстыру ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы 20 шілдедегі № 301 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Бейсенбі, 26 қаңтар 2012 7:05

Алматы қаласы, 2011 жылғы 26 желтоқсан                    

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Айналыстағы ұлттық валютаның ақша белгілерінің дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды ауыстыру ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы 20 шілдедегі № 301 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасының Ұлт­тық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республи­касы­ның Заңына сәйкес және ұлттық валюта ақша белгілерінің дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды айналыстан алу бойынша оңтайлы жұмысқа қол жеткізу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Ұлт­­тық Банкі Басқармасының «Ай­на­лыстағы ұлттық валютаның ақша белгілерінің дизайны (нысаны) өз­герген кезде оларды ауыстыру ере­жесін бекіту туралы» 2000 жылғы 20 шілдедегі № 301 қаулысына (Нор­мативтік құқықтық актілерді мем­лекеттік тіркеу тізілімінде № 1232 тіркелген, «Егемен Қазақстан» га­зе­тінде 2000 жылғы 29 тамызда № 211 жарияланған) мынадай өзгеріс­тер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Айналыстағы ұлттық валютаның ақша белгілерінің дизайны (нысаны) өзгер­ген кезде оларды ауыстыру ережесінде:
3-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) екінші деңгейдегі банктер – екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрле­рін жүзеге асыратын ұйымдар.»;
8-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұлттық Банк Ұлттық Банк Бас­қар­масының қаулысы қолданысқа енгізілген күннен бастап бір ай мер­зімде Ұлттық Банктің филиалдарына, шет елдердің орталық (ұлттық) банк­теріне және қаржы полициясы органдарына айналыстағы ұлттық валю­таның ақша белгілерін ауыстыру талаптары мен мерзімдерін назарда ұстау үшін жібереді, жаңа үлгідегі ақша белгілерінің сипаттамасы мен үлгілерін жібереді.»;
11-тармақ алып тасталсын;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Ұлттық Банктің филиалдары Ереженің 13-тармағында белгіленген мерзім өткеннен кейін 3 (үш) жыл ішінде жеке және заңды тұлғалардан ескі үлгідегі ақша белгілерін қабыл­дайды және қолданыстағы ақша бел­гілеріне ауыстырады.».
Қабылданған ақша белгілерінің төлемділігі Қазақстан Республика­сының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен мо­неталарының төлемділігін анықтау ережесін бекіту туралы» 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 477 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2689 тіркелген) белгіленген тәртіп­пен айқындалады.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жа­рияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Әді­лет министрлігінде 2012 жылғы 19 қаңтарда №7388 тіркелген.