26 Қаңтар, 2012

Қазақстан Республикасының Заңы №541-IV

541 рет
көрсетілді
36 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Заңы №541-IV

Бейсенбі, 26 қаңтар 2012 7:12

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін  арттыру туралы

Осы Заң энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласын­дағы қоғамдық қатынастарды реттейді және жеке және заңды тұлғалар қызметінің құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.

1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аккредиттеу туралы куәлік – энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы уәкілетті орган беретін, заңды тұлғалардың энергия аудитін және (немесе) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасын жүзеге асыру құзыретін куәландыратын ресми құжат;

Бейсенбі, 26 қаңтар 2012 7:12

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін  арттыру туралы

Осы Заң энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласын­дағы қоғамдық қатынастарды реттейді және жеке және заңды тұлғалар қызметінің құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.

1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аккредиттеу туралы куәлік – энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы уәкілетті орган беретін, заңды тұлғалардың энергия аудитін және (немесе) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасын жүзеге асыру құзыретін куәландыратын ресми құжат;

2) квазимемлекеттік сектор субъектілері – мемлекеттік кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, оның ішінде қатысушысы немесе акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқару холдингтері, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес олармен үлестес болып табылатын еншілес, тәуелді және өзге де заңды тұлғалар;
3) Мемлекеттік энергетикалық тізілім – Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері туралы ақпараттың жүйеленген жиынтығы;
4) Мемлекеттік энергетикалық тізілім операторы – Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асыратын ұйым;
5) Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері – энергетикалық ресурстарды жылына шартты отынның бір мың бес жүз және одан көп тоннаға барабар көлемінде энергетикалық ресурстар тұтынатын жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектордың субъектілері;
6) терможаңғырту – үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың жылу энергиясы ысырабының азаюына әкелетін, олардың жылу техникалық сипаттамасын жақсарту жөніндегі іс-шара;
7) үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныбы – үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тұтыну үнемділігінің пайдалану сатысындағы энергия тиімділігін сипаттаушы деңгейі;
8) шартты отын – техникалық-экономикалық есептеулер кезінде қабыл­данған, органикалық отынның алуан түрлерінің жылу құндылығын салыстыру үшін қызмет ететін, нормативтер мен стандарттарда регламенттелетін бірлік;
9) энергетикалық аудит (энергия аудиті) – энергия үнемдеудің мүмкіндігі мен әлеуетін бағалау және қорытынды дайындау мақсатында энергетикалық ресурстардың пайдаланылуы туралы деректерді жинау, өңдеу және талдау;
10) энергетикалық ресурстар – запастағы энергиясы қазіргі уақытта шаруашылық және өзге де қызмет түрлеріне пайдаланылатын немесе перспективада пайдаланылуы мүмкін табиғи және өндірілген энергия көздерінің жиынтығы, сондай-ақ энергия түрлері (атом, электр, химия, электрлі-магнитті, жылу және энергияның басқа түрлері);
11) энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану – энергетикалық ресурстарды пайдаланудың техникалық жағынан мүмкін болатын және экономикалық жағынан ақталған деңгейіне қол жеткізу;
12) энергетикалық тиімділік (энергия тиімділігі) – энергетикалық ресурстарды пайдаланудан болған пайдалы әсердің осы әсерді алу мақсатында өндірілген энергетикалық ресурстардың шығындарына қатынасын көрсететін сипаттамалар;
13) энергия тұтынатын электр құрылғысының энергия тиімділігі сыныбы – энергия тұтынатын электр құрылғысының энергия тұтыну үнемділігінің пайдалану сатысындағы энергия тиімділігін сипаттаушы деңгейі;
14) энергия үнемдеу – пайдаланылатын энергетикалық ресурстардың көлемін азайтуға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, технология­лық, экономикалық және өзге де шараларды іске асыру;
15) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу – энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы уәкілетті органның энергия аудиті және (немесе) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасын жүзеге асыруға заңды тұлғалардың құзыретін ресми тану рәсімі;
16) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы менеджмент (энергия менеджменті) – энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саясатын, іс-шаралар жоспарын, мониторинг рәсімдері мен әдістемелерін, энергия тұтынуды бағалауды әзірлеу мен іске асыруды және энергия тиімділігін арттыруға бағытталған басқа да іс-қимылдарды қамтитын, энергетикалық ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге және басқару объектісінің энергия тиімділігін арттыруға бағытталған әкімшілік іс-қимылдар кешені;
17) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
18) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасы – энер­гетикалық ресурстарды пайдаланумен және үйлерді, құрылыстарды, ғи­мараттарды салу, сондай-ақ оларды реконструкциялауды, күрделі жөндеуді жүр­гізу кезінде тұтынушылардың энергиямен қамтамасыз етуге арналған шы­ғындарын оңтайландыруымен байланысты сәулет-құрылыс және техника­лық шешімдердің энергия тиімділігін бағалау мақсатында жүргізілетін сараптама;
19) энергия үнемдеуші жабдық – энергетикалық ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін жабдық;
20) энергия үнемдеуші материал – энергетикалық ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін материал.
2-бап. Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғандардан өзге қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

2-тарау. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін
арттыру саласындағы мемлекеттік реттеу
3-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сала­сындағы мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары:
1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында техникалық реттеуді жүзеге асыру;
2) энергетикалық ресурстарды өндіру және тұтыну саласындағы теңгерімді тарифтік саясат пен баға белгілеуді жүзеге асыру;
3) энергия үнемдейтін жабдықтар мен материалдарды пайдалануды қоса алғанда, энергия үнемдеуді және энергия тиімділігін арттыруды ынталандыру;
4) энергетикалық ресурстардың тиімді пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
5) энергетикалық ресурстарды тиімді пайдаланудың экономикалық, экологиялық және әлеуметтік артықшылықтарын насихаттау, осы салада қоғамдық білім беру деңгейін арттыру;
6) Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.
4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;
2) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асырады;
3) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
4) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу қағидасын бекітеді;
5) энергия тұтынудың нормативтерін, дара кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың электр желілеріндегі қуат коэффициентінің нормативтік мәнін бекітеді;
6) Мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастыру және жүргізу тәртібін бекітеді;
7) Мемлекеттік энергетикалық тізілім операторын айқындайды;
8) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдар қызметін бағалау тетігін бекітеді;
9) үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың және олардың қоршау конструкцияларының бөлігі болып табылатын элементтерінің энергия тиімділігі жөніндегі талаптарды белгілейді;
10) көліктің энергия тиімділігі бойынша талаптарды белгілейді;
11) электр қозғалтқыштарының энергия тиімділігі бойынша талаптарды белгілейді;
12) үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныбын айқындау және қайта қарау қағидасын бекітеді;
13) энергия аудитін жүргізу тәртібін және энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыру сараптамасын жүргізу тәртібін бекітеді;
14) үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына қойылатын энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі талаптарды бекітеді;
15) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы үлгі келісімді бекітеді;
16) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы салалық бағдарламаны бекітеді;
17) энергия аудитінің қорытындысы бойынша Мемлекеттік энергети­калық тізілім субъектісі әзірлейтін, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды бекітеді;
18) энергия аудитін және (немесе) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасын жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру, сондай-ақ энергия менеджменті жүйесін құру, енгізу және ұйымдастыру жөніндегі оқу орталықтарының қызмет тәртібін айқындайды;
19) орталық атқарушы органдардың энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуы жөніндегі есептерінің нысанын және оларды ұсыну мерзімдерін бекітеді;
20) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
5-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) өз құзыреті шегінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
3) мемлекеттік органдардың энергия үнемдеу және энергия тиімділігі саласындағы қызметін салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
4) Мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастыруды және жүргізуді ұйымдастырады;
5) Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
6) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
7) Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың нысанын әзірлейді және бекітеді;
8) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы салалық бағдарламаны әзірлейді;
9) Мемлекеттік энергетикалық тізілімнің энергетикалық ресурстарды, суды тұтынудың көлемін өнімнің, үйлердің, құрылыстар мен ғимараттардың алаңы бірлігіне, энергия аудиті қорытындылары бойынша айқындалған шамаға дейін жыл сайын азайтуды қамтамасыз етпеген субъектілерінің, оның ішінде энергия тұтынудың нормативтерін сақтамайтын мемлекеттік мекеме­лерді қамтитын тізбесін қалыптастырады және өзінің интернет ресурсында орналастырады;
10) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды, сондай-ақ технологиялық әзірлемелерді жүргізуді ұйымдастырады және үйлестіреді;
11) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссияны құрады, оның құрамын және қызмет тәртібін бекітеді;
12) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеуді жүргізеді және аккредиттеу туралы куәліктің нысанын бекітеді;
13) аккредиттеу туралы куәлік алған заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді;
14) энергия аудитін және (немесе) энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыру сараптамасын жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау мен олардың біліктілігін арттыру, сондай-ақ энергия менеджменті жүйесін құру, енгізу және ұйымдастыру жөніндегі оқу орталықтарын құруды және олардың жұмысын ұйымдастырады;
15) энергия аудитін және (немесе) энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыру сараптамасын жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру, сондай-ақ энергия менеджменті жүйесін құру, енгізу және ұйымдастыру жөніндегі оқу орталықтарының тізбесін қалыптастырады;
16) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылу мониторингін жүзеге асырады, Қа­зақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нысан бойынша және мерзім­дерде орталық атқарушы органдар ұсынатын есептерге талдау жүргізеді;
17) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы үлгілік келісімді әзірлейді;
18) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексеру жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
19) Мемлекеттік энергетикалық тізілім операторын Қазақстан Респуб­ликасының Үкіметіне бекітуге ұсынады;
20) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
6-бап. ­Өзге де мемлекеттік органдардың энергия үнемдеу және  энергия тиімділігін арттыру саласындағы құзыреті
1. Орталық атқарушы органдар өз құзыреті шегінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде уәкілетті органға энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыру туралы есептерді береді.
2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган:
1) үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды реконструкциялау, салу мақсатында әзірленетін және бекітілетін сәулет-құрылыс және өзге де жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;
2) терможаңғыртуды ескере отырып, үлгілік көппәтерлі үйлердің жобалау алдындағы және (немесе) жобалау-сметалық құжаттамаларының әзірленуі мен бекітілуін қамтамасыз етеді;
3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3. Техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган:
1) кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес энергия тұтынатын электр құрылғылардың техникалық құжаттамасында және заттаңбаларында энергия тиімділігінің сыныбы мен сипаттамаларының белгіленуіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
2) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
4. Облыстардың жергілікті атқарушы органдары:
1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды тиісті аумақтың даму бағдарламасына енгізуді қамтамасыз етеді;
2) өз құзыреті шегінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
3) өз құзыреті шегінде мемлекеттік мекемелердің энергия тұтынудың нормативтерін сақтауына мониторингті жүзеге асырады;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
5. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары:
1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды тиісті аумақтың даму бағдарламасына енгізуді қамтамасыз етеді;
2) өз құзыреті шегінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
3) өз құзыреті шегінде мемлекеттік мекемелердің энергия тұтынудың нор­мативтерін сақтауына мониторингті жүзеге асырады, мемлекеттік меке­мелердің энергия аудитін өткізуді, терможаңғыртуды, мемлекеттік мекемелер үшін энергетикалық ресурстарды есепке алу аспаптары мен жылу тұтынуды реттеудің автоматты жүйелерін сатып алуды және орнатуды ұйымдастырады, сондай-ақ энергия үнемдейтін шамдарды пайдалануды ескере отырып, саябаққа және көшеге жарық беруді жаңғыртуды қамтамасыз етеді;
4) тұрғындарда пайдалануда болған, құрамында сынап бар энергия үнемдеу шамдарын кәдеге жаратуды ұйымдастырады;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
6. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары:
1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды тиісті ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) даму бағдарламасына енгізуді қамтамасыз етеді;
2) өз құзыреті шегінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
3) өз құзыреті шегінде мемлекеттік мекемелердің энергия тұтыну нор­мативтерін сақтауына мониторингті жүзеге асырады, мемлекеттік меке­мелердің энергия аудитін өткізуді, терможаңғыртуды, мемлекеттік мекемелер үшін энергетикалық ресурстарды есепке алу аспаптары мен жылу тұтынуды реттеудің автоматты жүйелерін сатып алуды және орнатуды ұйымдастырады, сондай-ақ энергия үнемдейтін шамдарды пайдалануды ескере отырып, саябаққа және көшеге жарық беруді жаңғыртуды қамтамасыз етеді;
4) тұрғындарда пайдалануда болған, құрамында сынап бар энергия үнемдеу шамдарын кәдеге жаратуды ұйымдастырады;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
7-бап. Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиім­ділігін арттыру туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік ба­қылау
1. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік бақылау:
1) Мемлекеттік энергетикалық тізілімге ұсынылатын ақпараттың дұрыстығына;
2) осы Заңның 11-бабының 3-тармағында көрсетілген объектілерден басқа, үйлерде, құрылыстар мен ғимараттарда энергия тиімділігі жөніндегі талаптардың орындалуына;
3) дара кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың энергия тұтыну нормативтері мен электр желілеріндегі қуат коэффициентінің нормативтік мәндерін сақтауына;
4) энергия аудитінің және энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыру сараптамасының жүргізілуіне, энергия аудитін және (немесе) энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыру сараптамасын жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау мен олардың біліктілігін арттыру, сондай-ақ энергия менеджменті жүйесін құру, енгізу және ұйымдастыру жөніндегі оқу орталықтарына қойылатын талаптардың сақталуына;
5) осы Заңда және энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыру саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерде белгіленген өзге де талаптардың сақталуына жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
3-тарау. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін
арттыру саласындағы жалпы талаптар
8-бап. Энергия үнемдейтін жабдықтар мен материалдарды пайдалану, жаңа объектілерді қабылдау бойынша шектеулер және тұтынылған жылу энергиясы үшін ақы төлеу
1. Энергетикалық ресурстарды тұтынатын объектілердің құрылыс жобаларында энергия үнемдейтін материалдарды міндетті пайдалану, энергетикалық ресурстарды есепке алу аспаптарын, жылу тұтынуды реттеудің автоматтандырылған жүйелерін орнату көзделеді.
Көппәтерлі тұрғын үйлердің жобаларында энергия үнемдейтін материал­дарды міндетті пайдалану, жалпы үйдің жылу энергиясын есепке алу аспап­тарын және пәтер бойынша электр энергиясын, суық және ыстық суды, газды есепке алу аспаптарын, сондай-ақ жылыту жүйелерінде реттеуші аспаптарды, жылу тұтынуды реттеудің автоматтандырылған жүйелерін орнату көзделеді.
2. Энергетикалық ресурстарды тұтынатын, энергетикалық ресурстарды есепке алудың тиісті аспаптарымен және жылу тұтынуды реттеудің автоматтандырылған жүйелерімен жарақтандырылмаған жаңа объектілерді пайдалануға қабылдауға жол берілмейді.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының жылу тұтынуды реттеудің автоматтандырылған жүйелері бөлігіндегі талаптары жылу энергиясын сағат бойынша орташа 50 кВт-дан аз тұтынатын (жылу энергиясы, жылыту, желдету, кондиционерлеу және ыстық сумен жабдықтау шығыстарын қоса алғанда) объектілерге қолданылмайды.
4. Тұтынушылар Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасына сәйкес бекітілген, жылу энергиясын есепке алу аспаптарының болуына немесе болмауына байланысты сараланған тарифтер бойынша тұтынылған жылу энергиясы үшін ақы төлеуді жүргізеді.
9-бап. Мемлекеттік энергетикалық тізілім
1. Мемлекеттік энергетикалық тізілімге енгізілетін ақпарат:
1) Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің атауын, мекенжайы мен олардың қызметінің негізгі түрлерін;
2) күнтізбелік бір жыл ішінде заттай және ақшалай көріністегі энергети­калық ресурстарды және суды өндіру, шығару, тұтыну, беру және жоғалту көлемдерін;
3) энергия аудиті қорытындысы бойынша Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі әзірлейтін энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын, сондай-ақ осы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына енгізілетін толықтыруларды және (немесе) өзгерістерді;
4) есепті кезең ішінде энергия аудиті қорытындысы бойынша Мемлекет­тік энергетикалық тізілім субъектісі әзірлейтін энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу нәтиже­лерін;
5) өнім бірлігіне шаққанда нақты энергия тұтынуды және (немесе) үйлер, құрылыстар, ғимараттар ауданының бірлігіне шаққанда жылытуға кеткен энергетикалық ресурстар шығынын;
6) энергия аудиті бойынша қорытындының көшірмесін;
7) энергетикалық ресурстарды есепке алу аспаптарымен жарақтан­дырылуы туралы ақпаратты қамтиды.
2. Мемлекеттік мекемелер үшін 3), 4), 6) тармақшаларды қоспағанда, осы баптың 1-тармағында көрсетілген ақпаратты Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері жыл сайын қағаз және электронды жеткізгіштерде бірінші наурызға дейін Мемлекеттік энергетикалық тізілім операторына ұсынады.
3. Мемлекеттік энергетикалық тізілімнің және мемлекеттік органдардың деректері негізінде уәкілетті орган жалпы ішкі өнімнің энергия сыйымды­лығын және Қазақстан Республикасында энергетикалық ресурстарды пайдалану тиімділігін талдауды және болжамдауды қамтамасыз етеді.
10-бап. Энергия менеджменті
1. Жылына бір мың бес жүз және одан көп тоннаға барабар шартты отын көлемінде энергетикалық ресурстарды тұтынатын Мемлекеттік энергетика­лық тізілім субъектілері энергия менеджменті бойынша халықаралық стандарттың талаптарына сәйкес энергия менеджментінің жүйесін құруға, енгізуге және оның жұмысын ұйымдастыруға міндетті.
2. Энергия менеджменті жүйесін құруды, енгізуді және ұйымдастыруды бақылау жылына бір мың бес жүз және одан көп тоннаға барабар шартты отын көлемінде энергетикалық ресурстарды тұтынатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің бірінші басшыларына жүктеледі.
11-бап. Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімді­лігін қамтамасыз ету
1. Жобаланатын және салынатын (реконструкцияланатын, күрделі жөнделетін) үйлер, құрылыстар, ғимараттар Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келуге тиіс.
2. Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі бойынша талаптары:
1) үйдегі, құрылыстағы, ғимараттағы энергетикалық ресурстар шығы­нының үлестік шамасын сипаттайтын көрсеткіштерді;
2) сәулет, көлемдік-жоспарлау, технологиялық, конструкциялық және инженерлік-техникалық шешімдерге үйлердің, құрылыстардың, ғимараттар­дың энергия тиімділігіне ықпал ететін талаптарды;
3) үйлерде, құрылыстарда, ғимараттарда пайдаланылатын инженерлік жүйелер мен технологиялық жабдықтарға қойылатын талаптарды;
4) жобалау құжаттамасына енгізілетін және үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды салу (реконструкциялау, күрделі жөндеу) кезінде қолданылатын технологиялар мен материалдарға қойылатын, энергетикалық ресурстардың ұтымсыз (негізсіз) шығыстарын болдырмауға мүмкіндік беретін талаптарды қамтуы тиіс.
Үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды пайдалануға беру кезінде энергия тиімділігі жөніндегі талаптарды орындау құрылыс салушыға жүктеледі.
3. Энергия тиімділігі жөніндегі талаптар мынадай үйлерге, құрылыстарға, ғимараттарға қолданылмайды:
1) тарихи-мәдени мұра объектілеріне жатқызылған үйлер, құрылыстар, ғимараттар;
2) қызмет мерзімі екі жылдан аспайтын шаруашылық мақсаттағы уақытша құрылыстар, қосалқы үй-жайлар;
3) жеке тұрғын үйлер, сондай-ақ саяжай және бау-бақша учаскелерінде орналасқан құрылыстар;
4) жалпы алаңы елу шаршы метрден аз бөлек тұрған үйлер, құрылыстар, ғимараттар;
5) ғибадат ету үйлері, құрылыстары және ғимараттары;
6) бөлек тұрған жылытылмайтын үйлер, құрылыстар, ғимараттар.
4. Энергия тиімділігінің талап етілетін сыныбы құрылыс (реконструкциялау, күрделі жөндеу) жобасын әзірлеуге тапсырыс берушінің тапсырмасында көрсетіледі және құрылысы (реконструкциялау, күрделі жөндеу) аяқталған объект пайдалануға берілгеннен кейін жылжымайтын мүлікке арналған құқықтарды тіркеу кезінде салынған және пайдалануға берілген объектінің техникалық паспортында көрсетіледі.
5. Қолданыстағы үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиім­ділігі сыныбы және оны қайта қарау Қазақстан Республикасының Үкіметі ай­қын­даған тәртіппен, энергия аудитін жүргізу қорытындылары бойынша белгі­ленеді және үйдің, құрылыстың, ғимараттың техникалық паспортында көрсетіледі.
Энергия аудитінің қорытындысы үйлердің, құрылыстардың, ғимараттар­дың техникалық паспортына қоса беріледі.
12-бап. Энергия тұтынатын электр құрылғылары
1. Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын, энергия тұтынатын электр құрылғыларының техникалық құжаттамасында және заттаңбаларында олардың сыныбы мен энергия тиімділігінің сипаттамалары туралы ақпарат болуға тиіс.
2. Осы баптың 1-тармағының талаптары қолданылатын энергия тұтына­тын электр құрылғыларының тізбесі кеден одағының техникалық регламентінде белгіленеді.
3. Энергия тиімділігінің сыныбы мен сипаттамаларын анықтау кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес жүргізіледі және оны өндіруші (импорттаушы) жүзеге асырады.
4. Өндірушілер (импорттаушылар) энергия тұтынатын электр құрылғыларының техникалық құжаттамасында және заттаңбаларында энергия тиімділігінің сыныбы мен сипаттамаларын кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес көрсетуге міндетті.
13-бап. Өнімдерді өндіру, сату және пайдалану бойынша шектеулер
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мақсатында мыналарға:
1) жарық беру мақсатында ауыспалы ток тізбектерінде пайдаланылуы мүмкін, қуаты 25 Вт және одан жоғары электр қыздыру шамдарын өндіруге, сатуға;
2) жарық беру мақсатында ауыспалы ток тізбектерінде пайдаланылуы мүмкін, қуаты 25 Вт және одан жоғары электр қыздыру шамдарын мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін сатып алуды жүзеге асыруға;
3) салынып жатқан (реконструкцияланатын, күрделі жөнделетін) үйлерде, құрылыстарда, ғимараттарда Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін материалдарды өндіруге және технологиялар мен материалдарды пайдалануға;
4) кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес олардың энергия тиімділігінің сыныбы мен сипаттамалары туралы ақпаратты қамтымайтын энергия тұтынатын электр құрылғыларын өндіруге, сатуға;
5) 2,5 дәлдік сыныбы бар электр энергиясын есептеуіштерді коммерциялық есепке алу мақсатында пайдалануға жол берілмейді.
2. Жаңа іске қосылған объектілерде және қолданыстағы объектілердегі электр энергиясын есептеуіштерді ауыстыру кезінде тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығыстарын саралап есепке алуға және бақылауға арналмаған электр энергиясын есептеуіштерді пайдалануға тыйым салынады.

4-тарау. Энергия үнемдеуді және энергия тиімділігін арттыруды қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар
14-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласын­дағы аккредиттеу
1. Энергия аудиті мен энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметтің аккредиттелетін түрлеріне жатады.
2. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
3. Заңды тұлғалардың аккредиттеу туралы құжаттарын қарау және олар бойынша шешім қабылдау үшін энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында аккредиттеу жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрылады, оның құрамы мен қызмет тәртібін уәкілетті органның басшысы айқындайды.
Аккредиттеу туралы құжаттарды қарауды комиссия олар уәкілетті органға келіп түскен кезден бастап есептелетін отыз жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Оң шешім қабылданған жағдайда уәкілетті орган өтініш берушіге аккредиттеу туралы куәлік береді.
Аккредиттеуден бас тартқан жағдайда өтініш берушіге бас тарту себебі көрсетіле отырып, дәлелді жазбаша жауап жіберіледі.
Аккредиттеуден бас тарту үшін:
1) ұсынылған құжаттарда бұрыс ақпараттың болуы;
2) ұсынылған ақпараттың энергия аудиті және (немесе) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасы бойынша қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі;
3) қызметтің мәлімделген түрімен айналысуға тыйым салу туралы сот шешімінің болуы негіз болып табылады.
4. Уәкілетті орган берген аккредиттеу туралы куәлік Қазақстан Респуб­ликасының бүкіл аумағында жарамды және оның қолданылу мерзімі бес жыл болады.
Аккредиттеу туралы куәліктің қолданылу мерзімі аккредиттеу туралы шешім қабылданған сәттен бастап есептеледі.
5. Аккредиттеу туралы куәліктен айыру Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
6. Аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын тоқтатудың энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнама талаптарының бұзылуына байланысты емес негіздері мыналар болып табылады:
1) аккредиттелген субъектінің жазбаша өтініші;
2) аккредиттелген субъектінің таратылуы немесе банкротқа ұшырауы.
7. Энергия аудитін және энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасын жүзеге асыру үшін қойылатын, заңды тұлғалар сәйкес болуға тиіс талаптар Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасында белгіленеді.
15-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасы
1. Күнтізбелік бір жыл ішінде бес жүз және одан көп тоннаға барабар шартты отын мөлшерінде энергетикалық ресурстар тұтынатын жаңа үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды салудың немесе қазіргі барларын кеңейтудің (күрделі жөндеудің, реконструкциялаудың) жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы міндетті түрде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасына жатады.
Қолданыстағы мемлекеттік немесе мемлекетаралық нормативтердің болуымен қамтамасыз етілмеген, жоқ нормативтерді алмастыратын арнайы техникалық шарттар (ерекше нормалар) бойынша әзірленген объектілерді салуға арналған жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасын өткізу міндетті болып табылады.
Мемлекеттік сараптамаға жататын, энергия үнемдеуге және энергия тиімділігін арттыруға қойылатын Қазақстан Республикасында қолданыстағы мемлекеттік немесе мемлекетаралық нормативтік талаптарға сәйкес орындал­ған, күнтізбелік бір жыл ішінде энергетикалық ресурстарды жиынтық жылдық тұтынуы бес жүз тоннадан аз шартты отынға барабар объектілер құрылысына арналған жобалар (жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы) бойынша міндетті энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасы жүргізілмейді.
2. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасының негізгі міндеті үйлерді, құрылыстарды және ғимараттарды салуға және реконструкциялауға арналған жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасына сәйкестігін белгілеу болып табылады.
3. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасын жүргізу құқығына қызметтің осы түрі бойынша аккредиттеу туралы куәлік алған заңды тұлғалар ие болады.
4. Заңды тұлғалар өздері әзірлеген немесе олардың қатысуымен әзірленген жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасын жүргізуге құқылы емес.
5. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған шарт негізінде, өтініш білдірген тұлғаның (тапсырыс берушінің) қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
6. Жүргізілген энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттырудың міндетті сараптамасының нәтижелері бойынша сараптамалық қорытынды жасалады.
Сараптамалық қорытынды энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасын жүзеге асырған заңды тұлғаның фирмалық бланкісінде беріледі.
7. Бекітілген негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштерге энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бөлігінде ықпал ететін өзгерістер енгізілетін жобалар жаңадан әзірленетін жобалар үшін белгіленген тәртіппен қайтадан сараптауға жатады.
8. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттырудың міндетті сараптамасына жататын үйлердің, құрылыстар мен ғимараттардың жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі бөлім болуға тиіс.
9. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттырудың міндетті сараптамасының оң қорытындысынсыз жобаларды бекітуге тыйым салынады.
10. Осы баптың 1-тармағында белгіленген жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы, ол бойынша сара