26 Қаңтар, 2012

Қазақстан Республикасының Заңы №534-IV

283 рет
көрсетілді
33 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Заңы №534-IV

Бейсенбі, 26 қаңтар 2012 7:16

Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы

Осы Заң индустриялық-инновациялық қызметті ынталандырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерін белгілейді және оны мемлекеттік қолдау шараларын айқындайды.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жергілікті қамту – индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің индустриялық-инновациялық жобасына қатыстырылған Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбегіне ақы төлеу құнының осы жоба бойынша еңбекке ақы төлеудің жалпы қорынан және (немесе) тауарларда, жұмыстар мен қызметтерде белгіленген жергілікті өндірілу үлестері құнының индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің индустриялық-инновациялық жобасын іске асыру кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің жалпы құнынан пайыздық қамтылуы;

Бейсенбі, 26 қаңтар 2012 7:16

Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы

Осы Заң индустриялық-инновациялық қызметті ынталандырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерін белгілейді және оны мемлекеттік қолдау шараларын айқындайды.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жергілікті қамту – индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің индустриялық-инновациялық жобасына қатыстырылған Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбегіне ақы төлеу құнының осы жоба бойынша еңбекке ақы төлеудің жалпы қорынан және (немесе) тауарларда, жұмыстар мен қызметтерде белгіленген жергілікті өндірілу үлестері құнының индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің индустриялық-инновациялық жобасын іске асыру кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің жалпы құнынан пайыздық қамтылуы;

2) жергілікті қамту бойынша сараптама – республикалық индустрияландыру картасына енгізуге үміткер индустриялық-инновациялық қыз­мет субъектісінің индустриялық-инновациялық жобасындағы жергілікті қамтуды бағалау;
3) индустриялық-инновациялық жоба – технологиялар трансфер­тіне, жаңа немесе жетілдірілген өндірістер, технологиялар, тауарлар, жұмыстар және қызметтер жасауға бағытталған, белгілі бір уақыт мерзімі ішінде іске асырылатын іс-шаралар кешені;
4) индустриялық-инновациялық қызмет – еңбек өнімділігін арттыру және экономиканың басым секторларын дамытуды ынталандыруды қамтамасыз ету мақсатында, экологиялық қауіпсіздік қамтамасыз еті­луін ескере отырып, индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыруға байланысты жеке немесе заңды тұлғалардың қызметі;
5) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері – экономи­каның басым секторларында индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
6) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган – индустрия және индустриялық-иннова­циялық даму саласындағы басшылықты жүзеге асыратын, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде салааралық үйлестіруді және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
7) инновация – экономикалық тиімділікті арттыру мақсатында, экологиялық қауіпсіздікті ескере отырып, жаңа немесе жетілдірілген өндірістер, технологиялар, тауарлар, жұмыстар мен қызметтер, техника­лық, өндірістік, әкімшілік, коммерциялық сипаттағы ұйымдасты­рушылық шешімдер, сондай-ақ өзге де қоғамдық пайдасы бар нәтиже түрінде іс жүзіне асырылған жеке және (немесе) заңды тұлғалар қызметінің нәтижесі;
8) инновациялық грант – индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне инновациялық гранттар берудің басым бағыттары шеңберінде олардың индустриялық-инновациялық жобаларын іске асыру үшін өтеусіз негізде берілетін бюджет қаражаты;
9) инновациялық кластер – өзара іс-қимыл жасау және қолда бар мүмкіндіктерді бірлесіп пайдалану, білім және тәжірибе алмасу, технологияларды тиімді беру, орнықты әріптестік байланыстарды жолға қою және ақпарат тарату арқылы индустриялық-инновациялық қызметті ынталандыруға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің, индустриялық-инновациялық инфрақұрылым элементтерінің бірлестігі;
10) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган – страте­гиялық және экономикалық жоспарлау, бюджет саясатын тұжырымдау мен қалыптастыру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
11) салалық конструкторлық бюро – материалдық-техникалық кешенге и­елік ететін, жаңа немесе жетілдірілген тауарлар өндіруді ұйымдастыруда индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне жәрдемдесу үшін технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты құрған заңды тұлға;
12) сындарлы технология – ұзақ мерзімді перспективада (он жылдан артық) ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз ететін технология;
13) тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің және оларды берушілердің дерекқоры – отандық тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің және оларды берушілердің тізбесі;
14) технология – пайдаланылуы жаңа немесе жетілдірілген тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді алуды қамтамасыз ететін, бірыңғай өндірістік циклде жұмыс істейтін процесс және (немесе) жабдықтар кешені;
15) технологиялар трансферті – индустриялық-инновациялық қызмет, Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған тәсілдермен алынған меншік, оны иелену және (немесе) пайдалану құқығы субъектілерінің жаңа немесе жетілдірілген технологияларды енгізу процесі;
16) технологияларды коммерцияландыру – жаңа немесе жетіл­дірілген тауарларды, процестер мен көрсетілетін қызметтерді нарыққа шығару мақсатында ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін іс жүзінде қолданумен байланысты, оң экономикалық әсер алуға бағытталған қызмет;
17) технологияларды коммерцияландыру орталығы – технологияларды коммерцияландыруды жүзеге асыратын заңды тұлға, ғылыми ұйымның, жоғары оқу орнының немесе дербес білім беру ұйымының құрылымдық немесе оқшауланған бөлімшесі;
18) технологиялық болжау – игерілуі мемлекеттің орнықты ин­дустриялық-инновациялық дамуы үшін қажетті шарт болып табылатын технологияларды анықтауға бағытталған талдамалық зерттеулер кешені;
19) технологиялық парк (бұдан әрі – технопарк) – технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты құрған, индустриялық-инновациялық қызметті іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасалатын бірыңғай материалдық-техникалық кешені бар аумаққа меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде иелік ететін заңды тұлға;
20) экономиканың басым секторлары – мемлекеттің экономикалық даму серпіні мен сапасына әсер етуге қабілетті ұлттық экономиканың секторлары.
2-бап. Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық
қызметті мемлекеттік қолдау туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық қыз­метті мемлекеттік қолдау туралы заңнамасы Қазақстан Республи­касының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзге қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3-бап. Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қол­даудың мақсаты, міндеттері мен қағидаттары
1. Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдаудың мақсаты Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын эконо­миканың басым секторларын дамытуды ынталандыру негізінде ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.
2. Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдаудың міндеттері:
1) экономиканың басым секторларын дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау;
2) бәсекеге қабілетті жаңа өндірістерді дамыту үшін жағдайларды қамтамасыз ету;
3) еңбек өнімділігін арттыру, сондай-ақ өндірістік тізбекті ұзарту және нарықты кеңейту мақсатында жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту (техникалық қайта жарақтандыру) үшін қолайлы жағдайлар жасау;
4) инновацияларды тиімді енгізуді және жоғары технологиялық өндірістерді дамытуды қолдау;
5) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің инвес­тициялық тартымдылығын және экспорттық әлеуетін арттыру;
6) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне технологияларды коммерцияландыруда жәрдем көрсету;
7) индустриялық-инновациялық субъектілерге экспорттық әлеуетін дамытуда жәрдем көрсету;
8) экономиканың басым секторларында ғылыми-зерттеу базасын дамыту және оны өндірістік процеспен ықпалдастыру;
9) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне индустрия­лық-инновациялық қызмет саласындағы халықаралық ынтымақтас­тықта, оның ішінде индустриялық-инновациялық қызмет үшін жоғары білікті кадрлар даярлау саласындағы ынтымақтастықта жәрдем көрсету болып табылады.
3. Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық қыз­метін мемлекеттік қолдау:
1) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне осы Заңға сәйкес мемлекеттік қолдау алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету;
2) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдаудың ұсынылатын шараларының жариялылығы, атаулылығы мен транспаренттілігі;
3) мемлекет және индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері мүдделерінің теңгерімділігін қамтамасыз ету;
4) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері индустриялық-инновациялық жобаларының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оларды табысты іске асыру мақсатында мемлекеттік қолдау шараларын оңтайландыру;
5) мемлекеттің және индустриялық-инновациялық қызмет субъек­тілерінің тұрақты өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін кешенділік және жүйелілік;
6) Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелеріне сәйкестігі қағидаттарына негізделеді.

2-тарау. ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ  МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті:
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;
2) индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды әзірлейді;
3) Қазақстан Республикасының Президентіне экономиканың басым секторларын айқындау бойынша ұсыныстар енгізеді;
4) индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы салалық бағдарламаларды бекітеді;
5) ғылыми-технологиялық дамудың салааралық жоспарын бекітеді;
6) ұлттық даму институттарының және индустриялық-инновация­лық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілетті, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалардың тізбесін бекітеді;
7) жергілікті қамту бойынша сараптама жүргізу қағидаларын бекітеді;
8) республикалық индустрияландыру картасын бекітеді;
9) басым тауарлар мен қызметтердің бірыңғай картасын бекітеді;
10) жоғары технологиялық өнімдер өндіру жөніндегі қызмет түрлерінің тізбесін бекітеді;
11) инновациялық гранттар берудің басым бағыттарын айқындайды;
12) отандық өңделген тауарларды, қызметтерді сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекітеді;
13) Қазақстан Республикасы Үкіметі жанынан Үдемелі индус­триялық-инновациялық даму жөніндегі үйлестіру кеңесін (бұдан әрі – Үйлестіру кеңесі) құрады және оның ережесі мен құрамын бекітеді;
14) Қазақстан Республикасы Үкіметі жанынан Технологиялық саясат жөніндегі кеңесті құрады және оның ережесі мен құрамын бекітеді;
15) салалық конструкторлық бюролардың жұмыс істеуі қағидала­рын бекітеді;
16) жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу тәртібін айқындайды;
17) сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша шығындары ішінара өте­летін отандық өңделген тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекітеді;
18) технологияларды сатып алуға, өнеркәсіптік зерттеулер жүр­гізуге, бастапқы даму кезеңінде жоғары технологиялық өнім өндіру жө­ніндегі қызметті қолдауға, шет елдерде және (немесе) өңірлік патенттік ұйымдарда патенттеуге инновациялық гранттар беру қағидаларын бекітеді;
19) технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттар беру қағидаларын бекітеді;
20) шет елде инженерлік-техникалық персоналдың біліктілігін арттыруға, жоғары білікті шетелдік мамандарды тартуға, консалтингтік, жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тартуға, басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізуге инновациялық гранттар беру қағидаларын бекітеді;
21) инновациялық гранттар беру кезінде технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институтының қызметтеріне ақы төлеу тәртібін айқындайды;
22) Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды орындайды.
5-бап. Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган:
1) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау сала­сындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;
2) ғылыми-технологиялық дамытудың салааралық жоспарын әзірлейді;
3) индустриялық-инновациялық жүйені жоспарлауды, монито­рингілеуді, ынталандыруды, дамытуды жүзеге асырады;
4) өз құзыреті шектерінде индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы салалық бағдарламаларды әзірлейді және келіседі;
5) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға экономи­каның басым секторларын айқындау бойынша ұсыныстар енгізеді;
6) жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкіметіне индус­триялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігі туралы ақпаратты ұсынады;
7) жергілікті қамту бойынша сараптама жүргізу қағидаларын әзірлейді;
8) республикалық индустрияландыру картасын әзірлейді;
9) басым тауарлар мен қызметтердің бірыңғай картасын әзірлейді;
10) жоғары технологиялық өнімдер өндіру жөніндегі қызмет түрлерінің тізбесін әзірлейді;
11) Қазақстан Республикасы Үкіметіне инновациялық гранттар берудің басым бағыттарын айқындау жөнінде ұсыныстар енгізеді;
12) Үйлестіру кеңесі туралы ережені әзірлейді және Қазақстан Рес­публикасы Үкіметіне оның құрамын қалыптастыру бойынша ұсыныс­тар енгізеді;
13) Технологиялық саясат жөніндегі кеңес туралы ереже әзірлейді және Қазақстан Республикасы Үкіметіне оның құрамын қалыптастыру бойынша ұсыныс енгізеді;
14) дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың, олармен үлестес заңды тұлғалардың, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың технологиялар мен инновацияларды дамыту бөлігінде даму стратегиясы мен бағдарламасын келіседі;
15) салалық конструкторлық бюролардың жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді;
16) отандық өңделген тауарларды сыртқы нарыққа жылжыту бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындары­ның бір бөлігін өтеу қағидаларын әзірлейді;
17) сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша шығындары ішінара өтелетін отандық өңделген тауарлардың тізбесін әзірлейді;
18) жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу тәртібін әзірлейді;
19) технологияларды сатып алуға, өнеркәсіптік зерттеулер жүр­гізуге, бастапқы даму кезеңінде жоғары технологиялық өнім өндіру жө­ніндегі қызметті қолдауға, шет елдерде және (немесе) өңірлік патенттік ұйым­дарда патенттеуге инновациялық гранттар беру қағидаларын әзірлейді;
20) технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттар беру қағидаларын әзірлейді;
21) шет елде инженерлік-техникалық персоналдың біліктілігін арттыруға, жоғары білікті шетелдік мамандарды тартуға, консалтингтік, жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тартуға, басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізуге инновациялық гранттар беру қағидаларын әзірлейді;
22) инновациялық гранттар беру кезінде технологиялық даму са­ласындағы ұлттық даму институтының қызметтеріне ақы төлеу тәртібін әзірлейді;
23) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу тәртібін әзірлейді;
24) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта жылжыту бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын әзірлейді;
25) Осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
6-бап. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның құзыреті
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган:
1) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметіне экономиканың басым секторларын айқындау бойынша ұсыныстар енгізеді;
3) индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы салалық бағдарламалардың іске асырылу тиімділігін бағалауды жүзеге асырады;
4) индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы жергілікті қамтуды дамыту саясатын қалыптастырады;
5) индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы салалық бағдарламаларды іске асыру бойынша мемлекеттік органдардың қызме­тін үйлестіреді;
6) индустриялық-инновациялық қызмет саласында білікті кадрлық ресурстармен қамтамасыз етуді үйлестіруді және жұмыспен қамтуды реттеуді жүзеге асырады;
7) индустриялық-инновациялық жүйенің тиімділігін бағалауды жүзеге асырады;
8) дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлес­терінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлға­лар­дың, олармен үлестес заңды тұлғалардың, ұлттық басқарушы хол­динг­тердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олармен үлес­тес заңды тұлғалардың даму стратегиялары мен жоспарларын ин­дус­триялық-инновациялық даму мақсаттарына сәйкестік нысанына келіседі;
9) Осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
7-бап. Өзге де мемлекеттік органдардың құзыреті
Мемлекеттік органдар:
1) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау сала­сын­дағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;
2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға экономика­ның басым секторларын айқындау жөнінде ұсыныстар енгізеді;
3) индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы салалық бағдарламаларды әзірлейді;
4) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау сала­сындағы уәкілетті органға индустриялық-инновациялық қызметті мем­ле­кеттік қолдау шараларының іске асырылуы туралы ақпарат ұсынады;
5) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға инновациялық гранттар берудің басым бағыттарын айқындау жөнінде ұсыныстар береді;
6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
8-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың  жергілікті атқарушы органдарының құзыреті
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары:
1) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты тиісті аумақта қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;
2) өңірлік индустрияландыру карталарын әзірлейді және бекітеді;
3) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды жүзеге асырып жатқан индустриялық-инновациялық инфрақұрылым­ның элементтеріне, индустриялық-инновациялық жүйенің субъекті­леріне әдістемелік, консультациялық, практикалық және өзге де көмек көрсетуге құқылы;
4) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға экономи­каның басым секторларын айқындау жөнінде ұсыныстар енгізеді;
5) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысан бойынша және мерзімдерде ұйымдардың сатып алуында жергілікті қамту жөнін­де ақпарат жинауды, талдауды жүзеге асырады және оны индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға ұсынады;
6) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау са­ла­сындағы уәкілетті органға индустриялық-инновациялық қызметті мем­лекеттік қолдау шараларының іске асырылуы туралы ақпарат ұсынады;
7) негізгі қызметі инновацияларды дамытуға бағытталған заңды тұлғаларды құруға және (немесе) олардың жарғылық капиталына қатысуға құқылы;
8) индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы салалық бағ­дарламалардың тиісті аумақта іске асырылуын үйлестіруді қамтама­сыз етеді;
9) жергілікті мемлекеттік басқарудың мүддесі үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІ
9-бап. Қазақстан Республикасының индустриялық-инновация­лық жүйесі
Қазақстан Республикасында экономиканың басым секторларын дамытуды және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қол­дауды ынталандыру мақсатында индустриялық-инновациялық қызметті мемле­кеттік қолдауды жүзеге асыратын субъектілерден, инфрақұры­лымнан және құралдардан тұратын индустриялық-инновациялық жүйе құрылады.
10-бап. Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік  қолдауды жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық  жүйенің субъектілері
1. Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық жүйенің субъектілеріне ұлттық, оның ішінде өңірлік даму институттары, сондай-ақ индустрия­лық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілетті, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалар жатады.
2. Индустрияны дамыту саласындағы ұлттық даму институты:
1) экономиканың басым секторларын дамыту саласында ақпарат­тық-талдамалық және консультациялық қызметтер көрсетеді;
2) индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы салалық бағдарламалардың орындалу мониторингіне қатысады;
3) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау са­ласындағы уәкілетті органға басым тауарлар мен көрсетілетін қызмет­тердің бірыңғай картасын әзірлеу мен оны өзекті ету бойынша қызметтер көрсетеді;
4) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға индустрияландыру картасының экономи­калық тиімділігін талдау бойынша қызметтер көрсетеді.
3. Технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты:
1) технологиялық болжау процесіне қатысады;
2) инновацияларды дамыту саласындағы ақпараттық-талдамалық және консультациялық қызметтер көрсетеді;
3) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің жарғылық капиталдарына қатысу, шетелдің қатысуымен заңды тұлғалар құру, инвестициялық қорлар құру немесе оларға қатысу жолымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәсілдер­мен индустриялық-инновациялық жобаларға инвестициялар тартуды жүзеге асырады;
4) технопарктерді, технологияларды коммерцияландыру орталық­тарын, салалық конструкторлық бюроларды, технологиялар трансфер­тінің халықаралық орталықтарын құруға, басқаруға және үйлестіруге қатысады;
5) экономиканың басым секторларын технологиялық дамытуды ынталандыру үшін ақпараттық ресурстарды, білім беру және қаржы ресурстарын тарту мақсатында халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жасайды;
6) іске асырылатын индустриялық-инновациялық жобалар, енгізіл­ген технологиялар туралы, технологиялық болжау бойынша жүргізілген талдамалық зерттеу нәтижелері туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етеді;
7) технологиялық бизнес-инкубациялау, технологияларды коммерцияландыру және технологиялар трансферті, индустриялық-инновация­лық қызмет субъектілерінің кадрлық, басқарушылық және өндірістік әлеуетін күшейту бойынша мемлекеттік қолдау тетіктерін іске асыруға қатысады;
8) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға сараптамалық қорытындыларды және (немесе) ұсынымдарды береді;
9) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға инновациялық гранттар беру жөнінде қызметтер көрсетеді;
10) технологиялық даму саласында ақпарат жинауды және индус­триялық-инновациялық жүйенің тиімділігін талдауды жүзеге асырады;
11) тәуекелдік инвестициялаудың инвестициялық қорларын дамытуға жәрдемдеседі.
4. Жергілікті қамтуды дамыту саласындағы ұлттық даму институты:
1) тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастырады және жүргізеді;
2) жергілікті қамтуды дамыту саласында ақпараттық-талдамалық және консультациялық қызметтер көрсетеді;
3) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға ішкі нарықта тауарларды, жұмыстар мен көрсе­тілетін қызметтерді отандық берушілерді мемлекеттік қолдау шара­ларының іске асырылуы тиімділігін талдау бойынша қызметтер көрсетеді;
4) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің тауарларын, жұмыстары мен көрсетілетін қызметтерін ішкі нарықта жылжыту жөніндегі шығыстарының бір бөлігін өтеу бойынша қызметтер көрсетеді;
5) жергілікті қамту бойынша сараптаманы жүзеге асырады.
5. Инвестициялар тарту саласындағы ұлттық даму институты:
1) Қазақстан Республикасының инвестициялық тартымдылығын жақсарту бойынша талдамалық зерттеулер жүргізеді;
2) шетелдік инвесторлардың қызметін ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді, оның ішінде инвесторлардың мемлекеттік органдармен, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерімен, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерімен кездесулерін ұйымдас­тырады, инвестиция тақырыбы бойынша бизнес-форумдар, конференциялар мен семинарлар өткізеді, шетелдік инвесторлардың дерекқорын қалыптастырады және жүргізеді;
3) Қазақстан Республикасының қолайлы инвестициялық имиджін жылжытады, оның ішінде инвестициялық мүмкіндіктер туралы ақпарат ұсынады;
4) шетелдік инвесторлармен келіссөздердің қорытындылары бойынша қол жеткізілген ресми уағдаластықтардың іске асырылу монито­рингін жүргізеді;
5) шетелдік инвесторлардың қатысуымен іске асырылатын индустриялық-инновациялық жобалардың мониторингін жүргізеді.
6. Экспортты дамыту және жылжыту саласындағы ұлттық даму институты:
1) сыртқы нарықтарға талдау жүргізеді;
2) отандық өңделген тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша жәрдемдеседі;
3) отандық экспорттаушыларға олардың сыртқы нарықтардағы бә­секеге қабілеттілігін арттыру, әлеуетті экспорттық нарықтарды іздес­тіру және олардың тауарларын, көрсетілетін қызметтерін сыртқы нарық­тарға жылжыту мәселелері бойынша ақпараттық және консультациялық қызметтер көрсетеді;
4) отандық өңделген тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің экспортын жылжыту бойынша іс-шаралар жүргізеді;
5) экспортты жылжыту мәселелері бойынша отандық, шетелдік және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
6) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу жөнінде қызметтер көрсетеді;
7) экспортты жылжыту мақсатында шетелдік өкілдіктер құрады.
11-бап. Индустриялық-инновациялық инфрақұрылым
1.Мыналар:
1) арнайы экономикалық аймақтар;
2) индустриялық аймақтар;
3) технопарктер;
4) тәуекелдік инвестициялаудың акционерлік инвестициялық қорлары;
5) технологияларды коммерцияландыру орталықтары;
6) салалық конструкторлық бюролар;
7) технологиялар трансфертінің халықаралық орталықтары;
8) инновациялық кластерлер индустриялық-инновациялық инфра­құрылымның элементтері болып табылады.
2. Арнайы экономикалық аймақтар мен индустриялық аймақтар­дағы индустриялық-инновациялық қызмет «Қазақстан Республикасын­дағы арнайы экономикалық аймақтар туралы», «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
3. Тәуекелді инвестициялаудың акционерлік инвестициялық қорларының қызметі «Инвестициялық қорлар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.
4. Технопарктер қызметінің негізгі түрі индустриялық-иннова­циялық қызмет субъектілерінің жұмыс істеуінің бастапқы кезеңінде оларға үй-жайлар, жабдықтар беру, бухгалтерлік есеп жүргізу, заңдық, ақпараттық және консультациялық сүйемелдеу, инвестициялар тарту, жобаларды басқару бойынша қызметтер, сондай-ақ индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін қажетті өзге де қызметтер ұсынуды білдіретін технологиялық бизнес-инкубациялау болып табылады. Технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсету, сондай-ақ мұндай қызметтер құнын айқындау қағидаларын индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
5. Технологияларды коммерцияландыру орталықтары қызметінің негізгі бағыттары: коммерцияландыру үшін технологиялар іздестіруді және оларды бағалауды, маркетингтік зерттеулерді, зияткерлік меншікті қорғау саласында консультациялық қызметтер көрсетуді, технологияларды коммерцияландыру стратегиясын әзірлеуді, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері мен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің технологияларды коммерцияландыру саласында шарттар жасасуы мақсатында олардың өзара іс-қимылын ұйымдастыруды қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, технологияларды коммерцияландыру жөніндегі қызметтер кешенін көрсету болып табылады.
Технологияларды коммерцияландыру орталықтарын әдіснамалық, консультациялық жағынан және Қазақстан Республикасының заңнама­сында көзделген өзгедей түрде қолдауды технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты жүзеге асырады.
6. Салалық конструкторлық бюролардың негізгі міндеті индус­триялық-инновациялық қызмет субъектілеріне жаңа немесе жетіл­дірілген тауарларды жасауда, оның ішінде технологиялар трансферті, конструкторлық-технологиялық құжаттаманы сатып алу, бейімдеу, әзірлеу, оны кейіннен индустриялық-инновациялық қызмет субъекті­леріне өтеулі негізде беру және оның негізінде тауарлар өндірісін ұйымдастыру үшін қажетті қызметтер көрсету арқылы жәрдемдесу болып табылады.
7. Технологиялар трансфертінің халықаралық орталықтарын индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шетелдік әріптестерімен бірлесіп іске асыратын индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыруға жәрдемдесу мақсатында технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты құрады.
8. Инновациялық кластерлер өзара іс-қимыл жасасу және қолда бар мүмкіндіктерді бірлесе пайдалану, білім мен тәжірибе алмасу, технологияларды тиімді түрде беру, тұрақты әріптестік байланыстарды жолға қою және ақпаратты тарату арқылы индустриялық-инновациялық қызметті ынталандырады.
12-бап. Индустриялық-инновациялық жүйе құралдары
1. Индустриялық-инновациялық жүйені жоспарлау құралдарына технологиялық болжау және басым тауарлар мен қызметтердің бірың­ғай картасы жатады.
Технологиялық болжауды тұрақты негізде үш жылда бір реттен кем емес қорытындылар шығара отырып, индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган жүргізеді.
Технологиялық болжау индустриялық-инновациялық қызметті мем­ле­кеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін тех­нологиялық болжауды жүргізу әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Технологиялық болжау процесін шетелдік және отандық сарапшыларды тарту, сауалнама мен талдамалық зерттеулер жүргізу, техноло­гиялық болжау қорытындыларын шығару үшін алынған мәліметтерді жинақтап қорыту және ұсынымдарды қалыптастыру жолымен техно­логиялық дамыту жөніндегі ұлттық даму институты қамтамасыз етеді.
Технологиялық болжау қорытындылары:
1) Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді перспективадағы дамуы үшін сындарлы технологиялар тізбесін және инновациялық гранттар берудің басым бағыттарын айқындау мен өзекті етуге;
2) технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институтына жәрдемдесу кезінде индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган іске асыратын нысаналы технологиялық бағдарламаларды қалыптастыруға;
3) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органның ғылыми-технологиялық дамудың сала­аралық жоспарын әзірлеуіне және өзекті етуіне негіз болып табылады.
Басым тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің бірыңғай картасы Қазақстан Республикасында өндіру үшін стратегиялық бәсекелестік артықшылықтарға ие, экономиканың әрбір басым секторы бойынша айқындалған және индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін мемлекеттік қолдаудың басымдықтары болып табылатын тауар топтарының, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін білдіреді.
2. Индустрияландыру картасы индустриялық-инновациялық жүйе мониторингінің (іске асырылуының) құралы болып табылады және белгілі бір қаржыландыру көздері, оларды іске асыру жөніндегі кестелері мен іс-шаралар жоспарлары бар республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізілген индустриялық-инновация­лық жобалардың жиынтығын білдіреді.
3. Инновацияларды ақпараттық қолдау және технологияларды коммерцияландыру индустриялық-инновациялық жүйені ынталандыру және дамыту құралдары болып табылады.
Инновацияларды ақпараттық қолдауды технологиялық дамыту саласындағы ұлттық даму институты жеке және заңды тұлғалардың өнертапқыштық қызметін және инновациялық белсенділігін ынталандыратын конкурстарды ұйымдастыру, баспа және электрондық өнімді шығару және тарату арқылы технологияларды құру, енгізу, коммерцияландыру процестерін тарату мақсатында жүзеге асырады.
Технологияларды коммерцияландыру:
1) лицензиялық шартты және (немесе) зияткерлік меншік объек­тісіне айрықша құқықтардың басқа тұлғаға ауысуы туралы шартты жасасу;
2) технологияларды коммерциялық пайдалануы үшін заңды тұлға құру;
3) жеке және заңды тұлғаларға шарттық негізде қызметтер көрсету арқылы технологияларды пайдалану;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәсілдер арқылы жүзеге асырылады.
Технологияларды коммерцияландыруда индустриялық-инновация­лық қызмет субъектілеріне жәрдемді осы Заңның 20-бабына сәйкес технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты көрсетеді.
4. Мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық жүйенің субъектілері жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шаралар