Мақсатымыз – халқымыздың денсаулығын сақтау
Бейсенбі, 27 желтоқсан 2012 7:19
Біздің орталық әрбір азаматтың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын үнемі назарда ұстайды.
Өңір тұрғындарының ұзақ ғұмыр кешуіне барынша көмек қолын созу да біздің міндетіміз.
Ұжым мүшелері Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясын аса бір ынтамен қабылдады. Елбасы Жолдауында саламатты өмір салтын ұстану мәселесіне зор мән беріп, оны алдағы кезде де өрістете беруді атап көрсетті.

Саламатты өмір салтын қалыптастырудың облыстық, аудандық орталықтары уақыт өткен сайын халықтың денсаулығын жақсарту мақсатында аянбай еңбек етіп келеді.
Бұл орайда ұлт денсаулығын жақсарту ісін ілгерілету, оның тиімділігін арттыру нәтижесінде бала туу көрсеткіші бір жарым есе өсіп, ана өлімінің 3 есе азайюы Елбасының жүргізіп отырған жігерлі саясатының дәлелі.
Осындай құнды бастамаларды одан әрі жалғастыру басты міндет болып табылады.
Жөні бөлек Жолдаудан туындайтын міндеттерді алдағы кезде жүзеге асыру орталықтың негізгі бағытына айналары сөзсіз.
Жанат ТОҒАЙБЕКОВА,
Оңтүстік Қазақстан облыстық саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры.
ШЫМКЕНТ.