Парламент • 30 Қаңтар, 2019

Серік Сәпиев депутаттықтан кетті

103 реткөрсетілді

Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Сәпиевтің өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. 

ҚР Орталық сайлау комиссиясының xатшысы Бақыт Мелдешевтің айтуынша, С.Сәпиев депутаттықтан кету туралы өтінішті өзі берді. Соның негізінде оның өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным әзірленді. Мәжіліс депутаттары қарсылық білдірген жоқ. Бәрі бірдей арнайы қаулы үшін дауыс беріп, аталған құжатты бірауыздан қабылдады.

Ал спикер Нұрлан Нығматулин палата депутаттарының атынан Серік Сәпиевке ризашылық білдіріп, Алғыс хат табыс етті. Өз кезегінде, Олимпиада чемпионы да ризашылығын жеткізді.

«Берілген мүмкіндікті пайдалана отырып, Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлына маған артқан сенімі үшін шексіз алғысымды білдіргім келеді. Спорт алаңында да, қазір де Елбасының қолдауын әрдайым сезініп жүреміз. Сондай-ақ, құрметті әріптестер, әрбіреуіңізге ақыл-кеңестеріңіз бен қолдауларыңыз үшін рақмет айтамын. Бұл жерде мен біраз тәжірибе жинадым. Еліміздің өркендеуі жолында сіздермен тығыз жұмыс жасауды жалғастыра береміз деп сенемін» деді С.Сәпиев.

Айта кетейік, Лондон Олимпиадасының жеңімпазы Серік Сәпиев 2017 жылдың ақпан айында Парламент Мәжілісінің депутаты қызметіне тағайындалған болатын.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар